ӨҢІРДЕГІ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

ӨҢІРДЕГІ ҮШ АУЫСЫМДЫ МЕКТЕП МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛМЕК

Келер жылдың соңына қарай Атырау облысындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан 9 мектептің құрылысы аяқталып, күрделі жөндеуге жабылған 5 мектеп пайдалануға беріледі. 12 мыңнан аса бала жаңа мектепке барып, үш ауысымды мектептер түбегейлі жойылады деп жоспарланды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Орынтай Биманова мәлім етті. Күрделі жөндеуге жабылған 5 мектептің оқушысы басқа білім ордаларына екіге бөлініп оқытылуда, салдарынан 10 мектеп уақытша үш ауысымға көшірілді. – Мектептер үш ауысымға өтсе де, кадр тапшылығы жоқ. Сабақ кестесі алдын ала құрылып, соған сай ұстаздарда пәндік сағаты анықталған. Сабақ 40 минуттан кем емес. Сондай-ақ, қалада апатты деп танылған 4, Индерде 1, Қызылқоғада 1, Махамбетте 1 мектеп бар. Алдағы жылда олардың орнына жаңа мектеп салынады, – деді О.Биманова.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ
05.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

Инженер, құрылысшы, қоғам қайраткері марапатталды
Әсем ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 15.05.2026 51
Субұрқақтар және әсем де жайлы тұрғын үйлер
М. ТАБЫН, Ақтөбе қаласы - 15.05.2026 47
Жаңа ережелер   енгізілуде
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 51
Арнайы мамандар тәжірибе алмасты
А. ХАМИТТЕГІ - 15.05.2026 48

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25132
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24650
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42076
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37938
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42408