ӨҢІРДІ АБАТТАНДЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

ӨҢІРДІ АБАТТАНДЫРУ – БАСТЫ НАЗАРДА

Облыс орталығында  абаттандыру мәселесі талқыланды. Бұл салаға қатысты мәселелер СҚО әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов пен облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаевтың төрағалығымен өткен кеңес барысында көтерілді. Сондай-ақ, облыстық мәслихат төрағасы, Петропавл және Қызылжар аудандарының әкімдері, мердігерлік ұйымдар, қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен қала тұрғындары қатысты.

Мемлекет басшысы бастамашылық еткен республикалық экологиялық акция жалпыұлттық сипатқа ие болды. Бағдарлама аясында көгалдандыру, аумақтарды тазарту жұмыстары жүргізілуде. СҚО әкімінің тапсырмасымен абаттандыру бойынша үш айлық жарияланды.

“Адамдарда экологиялық мәдениет қалыптасуда. Табиғатқа ұқыпты қарау – бұл бүгінгі өміріміздің маңызды сегменті. Осыған байланысты Петропавл және Қызылжар аудандары бойынша жиналыс өткізу тапсырылды. Қолайлы жағдайлар қазір абаттандыру жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік береді. Мұндай кеңестер облыстың барлық аудандарында өткізіледі”, – деп атап өтті Марат Тасмағанбетов.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында өткен жылы 7,6 млрд теңгеге абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 36 балалар ойын алаңы мен 40 спорт алаңы орнатылды.

“Өткен жылдың қараша айында “Аумақты ең үздік абаттандыру” байқауы өткізілді. 4 аталым бойынша 4 жеңімпаз анықталды. Сыйлық ретінде балалар алаңдарын орнатуға қаражат бөлінді. Үздік абаттандыру байқауы биыл да өткізіледі. Аталымдар  санын кеңейтуді жоспарлап отырмыз”, – деді Қанат Дүзелбаев.

Абаттандыру бойынша үш айлық басталғалы бері облыста 5 мың аула жиналды. 130 тарихи-мәдени ескерткiш пен 90 саябақ пен сквер тиiстi санитарлық жағдайға келтiрiлдi. Полигондарға 10 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Өткен жылғы су тасқынынан зардап шеккен аумақтарға 2 мыңнан астам ағаш отырғызылып, 70-тен астам саябақ абаттандырылады. Дегенмен, проблемалар да бар.

Мысалы, мердігерлердің өздерінің тікелей міндеттеріне жауапсыз қарауы. Құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін көшелер мен іргелес аумақтарда көп қоқыс қалдырылады. Марат Тасмағанбетов мердігерлерді кемшіліктерді тез арада жоюға, бүлінген тротуарлар мен жол учаскелерін қалпына келтіруге, жиектерді ауыстыруға және қоқысты полигонға шығаруға шақырды.

 

Нұрсайын Шәріп

17.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4930
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5095
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20054
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18698
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22156