ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ІРІКТЕУ

ӨҢІРЛІК КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВКЕ ІРІКТЕУ
Өңірлік кадрлық резерв жобасының бастау алуымен қатар бүгін мемлекеттік қызметшілер аллеясын салтанатты түрде ашу рәсімі Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Л.Қ. Ілебаевтың, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Б.Солтыбаевтың және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Р.Ш.Шариповтың қатысуымен өтті.
Салтанатты іс-шараға мемлекеттік қызметтің ардагерлері, жас мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ волонтерлар қатысты.
Лесбек Құралбайұлы өзінің құтықтау сөзінде Аллея келешекте мемлекеттік қызметшілердің түрлі іс-шараларды өткізу алаңына айналып, қаланың архитектуралық келбетіне өзіндік сән беретіндігін атап өтті.
Сонымен бірге, аппарат басшысы қазіргі таңда білімді, талантты жас басқарушыларды іріктеу, өңірлік деңгейдегі мемлекеттік басқару жүйесін дамыту үшін өңірлік резервті қалыптастыру жобасы бастау алғандығы туралы жастарға жеткізді.
Бұл ретте, өңірлік резервте болу жастарға мансаптық сатылап көтерілуден бөлек, жаңа көзқарастағы бастамаларға ие жастармен танысуға, облысты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасуға және әріптестік қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз.
Осы сәтте, Лесбек Құралбайұлы туған өлкенің болашағына бей-жай қарамайтын жастарды облыс әлеуетін одан әрі жақсарту үшін аталған жобаның іріктеуіне қатысуға шақырды.
Өз кезегінде, мемлекеттік қызмет ардагері Еркінбек Бейсенбекұлы Әділетті Қазақстанды құру жолында белсенді әрі бастамашыл жастарға үлкен үміт артылатындығына, елге адал қызмет ету қажеттігіне тоқталып өтті.
Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілерді аллеяның ашылуымен құттықтап, жастарды өңірлік резервке іріктеуге белсенді түрде қатысуға шақырды.
Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаменті
02.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

Таза Қазақстан республикалық акциясы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 7
ҚАБЫЛДАУ
Сарысу ауданы әкімдігі - 28.04.2024 9
Бірлік жарысы
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 6
Тараз таза қала
Тараз қаласының әкімдігі - 28.04.2024 6

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1087
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7132
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 10983
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7197
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7341