Елордада «Жастармен бірге» OPEN AIR фестивалі өтті. Шара арнайы Халықаралық жастар күніне орай ұйымдастырылды. Шығармашылықты дамыту, бос уақытты дұрыс пайдалану, жалпы қабілетті шыңдауға арналған сайыстар өткізіліп, қала жастары мен қонақтар бақ сынады. Қатысушылар қуаттағыш, құлаққап, музыкалық колонкалар сынды сыйлықтармен марапатталды. Ал, әлеуметтік желіде Абай өлеңдерін оқудан үздік нәтиже көрсеткен 21 жастағы Бекзат Құлшар «Айфон 15 Про» телефонының иесі атанды.
Бағдат АТЫМТАЙ, қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы:асының бөлім басшысы: – Жастарымыз үшін бос орындар жәрмеңкесі өткізілді. Жас студенттер үшін 400 орындық студенттік жатақхана ашылды. Жастарымыз үшін интеллектуалды ойындар ұйымдастырылуда және елордамыздың жастары «Таза Қазақстан» акциясын өте белсенді қолдауда. Фестиваль барысында жас буын арасында белсенді азаматтар мотивациялық құттықтауларын білдірді. Сондай-ақ көпшіліктің көңілін көтерген OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерті өтті. Онда отандық эстрада жұлдыздары Дастан Оразбеков, Ізбасар Кеңесов, Жеңіс Ғарифулла өнер көрсетті. Мерекелік кешті жастар арасында танымал «BayGUYS» тобы жүргізді.