Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауы аясында Орал қаласы бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы өз жұмыстарын жалғастыруда.
Бұл туралы Орал қалалық әкімдігі хабардар етті. Ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері өткен аптада «Жайық Таза қала», «Орал Таза Сервис», «Айдана» ЖШС және басқа да бірқатар мекеме ұжымдарымен кездесті. Қаламыздың танымал блогерлері мен жастары да бұл бағытта өз белсенділіктерін көрсетіп, қалыс қалмауда. Сонымен қатар облыс орталығында түрлі мәдени-көпшілік және спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтсақ, «AQJAYIQ-2022» жартылай марафоны, «Мейірім мен ізгілік нұры» концерттік бағдарламасы, велотуристік фестиваль және т.б.
Сондай-ақ «Республика күні» мерекесіне орай 14 қазаннан бастап инстаграм әлеуметтік желісіндегі @oraljastary әлеуметтік парақшасында «Көк байрағым елдігім, еркіндігім!» атты патриоттық челленджі басталғанын атап өткен жөн.