Өрт қауіпсіздігін сақтау – бәріміздің міндетіміз

Өрт қауіпсіздігін сақтау – бәріміздің міндетіміз

Жаз келді. Өрттің қауіпті кезеңі басталды. Жыл басынан Жетісу облысында орман өртінің 1 жағдайы тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш 5 пайызға азайған. Бұл орман және дала өртінің алдын алу бойынша жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесі. 

Төтеншеліктер үшін күшейтілген тәртіпте жұмыс істейтін кезең басталды. Себебі жаз мезгілінде дала мен орман-тоғайда тілсіз жаумен күрес, оның алдын алу жұмыстары басталды. Салаға жауаптылар құрғаған шөптер мен күл-қоқысты өртемеуге шақырады. Себебі көп жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдарынан үлкен өрт жағдайлары тіркеледі. Бұл үшін әкімшілік жауапқа тартылуыңыз мүмкін. Мәселен, қауіпсіздік талаптарын сақтамағаны үшін жетісулық 6 азамат айыппұл арқалады. 

  «Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, қауіпті кезеңде Төтенше жағдайлар департаменті мен әкімдіктер, орман шаруашылығы және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп тұрақты негізде профилактикалық шаралар жүргізеді. Бүгінгі күні облыс бойынша 104 мобильді тобымен 219 рейдтік шаралар жүргізілді. Яғни оның нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігін бұзған үшін 6 азамат анықталып, 276 840 теңгеге әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарында да жұмыстар жүргізіледі. Онда 793 оқыту және ақпараттық сипаттағы материалдар орналастырылған болатын. Өрт қауіпті кезінде жануарлар ғарыштық мониторинг, бейнебақылаулар және дронмен бақыланады. Жыл басынан бері орман өрттерінің саны бес есеге азайған болатын. Материалдық залал 43% азайды. Айта кетейік, өткен жылы орман өртінің 5 жағдайы тіркелген болатын. Биыл салыстырмалы кезеңмен 1 жағдай. Ал жануарларды айтсақ, өткен жылы 52 жағдай орын алған. Яғни олар 1 гектардан асатын жерлер. Ал биылғы жылы 24 оқиға орын алды. Осы өрт қауіпті кезеңде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ауыл аймақтарда 832 км минералданған жолақтар құрылды. Сонымен қатар орман алқаптарында 749 км көлемінде минералданған жолақтарға күтіп баптау жұмыстары жүргізілді. Өртке қарсы іс-шаралар департаменттің тұрақты бақылауында», – дейді Жетісу облысы ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері Еламан Әубәкіров. 

Жетісу облысында 7 орман шаруашылығы бар. Бүгінгі таңда орман-дала өрттерінің алдын алу, сөндіру мақсатында 3 өрт сөндіру автокөлігі сатып алынды. Оның екеуі Алакөл және Үйгентас орман шаруашылықтарына берілді. Үшіншісі Ақсу ауданындағы Бөрлітөбе шаруашылығына жөнелтілген.

«Жетісу облысы аумағында өрттің қауіпті маусымы 20 наурыздан басталды деп жарияланды. Қазіргі таңда жергілікті тұрғындардан сұрайтынымыз – демалуға барған уақытта арнайы орындарға от жаққан дұрыс. Ал кетер кезде барлық оттың сөнгенін қадағалап кетуін сұраймыз. Себебі кішкентай шоқтан үлкен өрт болуы мүмкін. Біздің мекеменің материалдық-техникалық жағдайы бүгінгі таңда 82% құрайды. Биыл жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Қазіргі таңда 3 өрт сөндіру автокөлігі сатып алынды.  Айта кетейік, былтыр Алакөл орман шаруа қожалығында кішігірім өрт тіркелді», – дейді  Жетісу облысының «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ орман шаруашылығы бөлімінің басшысы Шынар Мейірманова. 

Жақында «Қазгидромет» маусым айындағы ауа-райының алдын ала болжамын ұсынды. Сондай-ақ биылғы жазғы температураға қатысты болжамдарымен бөлісті. Оған сәйкес, 2024 жылдың жазы ыстық болады деп күтілуде. Ал Жетісу облысында синоптиктер осы аптада ауа температурасы + 35, 36 градус болатынын айтады. Өңірдің оңтүстігінде және таулы аймақтарда өткінші жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Кей өңірлерде жел соғады. 

«Осы аптаның аяғына дейін Жетісу облысының оңтүстігі және таулы аймағында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Алакөл ауданында 15, 20 екпінді жел болады. Ауа температурасы түнгі уақытта бір қалыпты. Түнде +7+12°С-тан +12+20°С-қа дейін, күндіз +22+30°С-тан +25+37°С-қа дейін көтеріледі», – дейді  инженер-синоптик Қуаныш Балғазынов.  

Өрт сөндірушілердің сөзінше, қазір Талдықорған қаласында өрттің жоғары қаупі бар. Табиғат аясында келіп тынығушыларға құрғақ шөпті өртемеуді, шеккен темекі тұқылын сөндіріп жүруді сұрайды. Сондай-ақ, далада от жағудан бас тартуға шақырады. Себебі, толық өшпеген шоқ алапат өртке әкелуі мүмкін. Төтеншеліктер адамдардың өміріне қауіп төндірмеу үшін бірқатар қарапайым ережелерді қатаң сақтау қажет дейді. Мәселен:

- тұрғын үй мен бау-бақша учаскелеріне іргелес аумақты құрғақ шөптер мен қоқыстардан алдын ала тазалаңыз;

- тұрғын үй ғимараттарының аумағында, сондай-ақ орман алқаптарының жанында қоқыс үйінділеріне жол бермеңіз;

- тұрғын үйлерде, саяжайларда және орман алқаптарында қоқыстарды өртемеңіз;

- өрт қауіпті кезеңде орманға шығуды шектеңіз, от жағуға немесе ашық от жағуға болмайды, темекі тұқылын тастамаңыз;

- құрғақ шөптер мен былтырғы жапырақтарды арнайы белгіленген жерлерде және мұқият бақылауда жағыңыз;

- сөндірілмеген отты қалдырмаңыз. Оны мұқият сумен толтыру немесе құммен жабу керек.

      Егер өрт орын алса, онда бастапқы кезеңде оны сумен немесе дымқыл дастарқанмен, көрпемен, кез  келген басқа тығыз синтетикалық емес материалмен жабу арқылы жоюға болады. Мүмкін болса, тиісті сыныптағы өрт сөндіргішті қолданыңыз. Бірақ жалын тараған кезде сіз «101» нөміріне тез қоңырау шалып, қауіпті аймақтан ең қысқа және қауіпсіз жолмен кетуіңіз керек. Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті жауапсыздық, немқұрайлылық, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау үлкен апатқа ұшыратып, орны толмас зиян келтіруі мүмкін екенін тағы да еске салады.

 

АЯУЛЫМ САНСЫЗБАЕВА,

Жетісу облысы

 

10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 70
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 33
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 71
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 25
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 183
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 400
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 363
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 981

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9057
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8453
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11681
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9444
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10661