«Бүгін фестивальде өз жобамызды – антисептик шашатын роботты ұсынып отырмыз. Ол датчик арқылы жұмыс істейді, қазақ тілінде еркін сөйлейді және коронавирус инфекциясының алдын алу туралы нұсқаулар береді. Қазір бұл роботты мектебімізге орнатып қойдық», – дейді О.Бөкей атындағы №44 лицей-мектебінің оқушылары Ділназ Нәбиолда және Дияс Ермұханбетов.
Қатысушылар 6 бағыт бойынша өз жұмыстарын ұсынды, атап айтқанда Kids Skills, Maker Fest, Junior Skills, Startup-жобалар, Robotime, ClusterPro. Олардың ішінде қауіпсіздікті ұйымдастыруға, ойын ойнауға, оқытуға қатысты жоба жасағандар болды. Фестиваль барысында ғылыми ойын-сауық алаңы ұсынылды. Мұнда келушілер заманауи технологиялар саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндік алды.