«Остаток феодализма» атанған жазушы кім?

«Остаток  феодализма» атанған  жазушы кім?

Көшеге шыққан сайын қазақ әйелдері мен қыздарының киген киімін, әсіресе, шолтиған шортиктерін, әйел жыныстыға тән нәзіктіктен жұрдай қимылдарын, көргенсіздік қылықтарын көрген сайын үйіме жыларман болып, шынымды айтсам, қазақты боқтап күбірлеп келе жататыным бар. Кейде «О о ош шешеңді!» деп дауыстап жібергенімді де байқамай қаламын.

Иә, әйелдері мен қыздары тым еркін жүріп, тым еркін сөйлеп, бетімен кеткен халық өзіндік бейнесінен айырылып, азып-тозып, кім екені беймәлім бір нәрсеге айналады, сосын жойылып бітеді дегенді талай ғұлама ойшылдар айтқан. Ал қазіргі католик дініндегілер кешегі дерлік орта ғасырларға шейін тірі әйелді өлген ерімен бірге жерлеп келгені мағлұм. Дүнияға жаңа келген қыз нәрестені көміп тастайтындар да болған. Әйелді ең биік құрметтейтін дін – ислам діні Құранда «Егер анаң мен әкең қатар тұрып, бір сәтте дауыстап шақырса, әуелі анаңа жүгіріп бар» делінген. Өте шебер суреткер жазушы марқұм Тахауи Ахтанов ағам Үндістанға барған сапарында көпшілікпен кездесу сәтінде біреу «Сіздерде СССР да әйел теңдігі, еркекпен тең праволылы болу керектігі көп айтылады. Ол сіздің қазақ миллетінде қандай шамада?» – деп сұрақ қойыпты. Сонда Тахауи ағам: «Біздер, қазақтар, сол тең праволылық дегенді әйелдерімізге шамадан тыс тым көп беріп жіберіп, еркектік праволарымыздан айырылып қалып, енді соны қайтара алмай жүрміз ғой», – деген екен.

Аға, сол рас па дегенімде, «Сол үшін әнебір орысша жазатын жігіт мені «остаток феодализма» депті ғой», – деп, өзінің жуан даусымен қарқылдап күлгені әлі көз алдымда.

Несін жасырайын, қазіргі қазақ қатындары мен қыздарының жүріс-тұрысына, нәзіктіктен жұрдай мінез-құлқына, әсіресе, жазда киген киіміне (лыпасына) қарап тұрып, қазақтың еркек атаулысы түгел Тахауи ағам тәрізді «Остаток феодализма» болып кетсе дұрыс болар еді деген де ойға кетемін.

Мырзан КЕНЖЕБАЙ

(Күнделігімнен үзінді. 22.08.2024)

 

26.08.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 27217
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26718
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 44054
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39806
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 44388