Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған салтанатты митинг: ерлік пен елдікке тағзым

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне арналған салтанатты митинг: ерлік пен елдікке тағзым

Бүгін, 2025 жылдың 6 мамырында, 5513 әскери бөлімінің саптық алаңында айрықша салтанатпен өткен маңызды шара – 7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Жеңіс күніне арналған митинг ұйымдастырылды. Бұл күн – ер жүрек сарбаздар мен ардагерлердің жанқиярлық ерлігі мен қажырлы қызметіне тағзым етіп, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің жарқын үлгісі.

Салтанатты митинг Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен басталды. Әскери оркестрдің үйлесімді де жігерлі орындауындағы гимн алаңда тұрған әр сарбаздың жүрегіне рух беріп, намысын оятты. Осы сәтте жауынгерлік қызметте ерекше көзге түскен қатардағы жауынгер Төлеухан Нұрым Мемлекеттік Туды көкке көтеріп, рәсімге салтанат пен айбын қосты.

Мерекелік митингті 5513 әскери бөлім командирі, полковник Кәдірбек Ғазиз Оңласынұлы ашып, жеке құрамды шын жүректен құттықтады. Ол өз сөзінде Отан алдындағы парызды адал өтеудің, тәртіп пен жауапкершіліктің, ерлік пен елдік рухтың маңызын атап өтті. Ғазиз Оңласынұлы жеке құрамға бейбіт күннің бағасын білуді, ел тыныштығын сақтау жолындағы қызметтің абыройлы екенін еске салды.

Шара барысында штаб бастығы полковник Эглит Артур Эдуардович Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, ҚР Ұлттық ұланы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының, сондай-ақ Жамбыл облысы мен Тараз қаласы әкімдерінің бұйрықтары негізінде үздік әскери қызметшілер мен бөлім ардагерлерін салтанатты түрде марапаттады. Бұл марапаттар — адал қызметтің, табанды еңбектің лайықты бағасы екені анық.

Митингке қатысқан бөлім ардагерлер кеңесінің төрағасы, запастағы подполковник Дусембиев Акайдар ардагерлер атынан құттықтау сөз сөйлеп, жас сарбаздарға ақ батасын берді. Ол сонау сұрапыл соғыстың тарихын еске алып, бүгінгі ұрпақтың елге деген адалдығы мен отансүйгіштігі ардагерлердің сенімін ақтайтынына сенім білдірді.

Қатардағы жауынгер Ысқақ Ерік те өз әсерімен бөлісіп, аға буын командирлерге берген тәлім-тәрбиесі үшін шынайы алғысын білдірді. Ол өзімен қатар қызмет атқарып жүрген жас сарбаздарға Отан алдындағы абыройлы міндетті адал атқаруға, бірлік пен тәртіпті басты ұстаным етуге шақырды.

Салтанатты шара мерекелік концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Көңілді әндер мен патриоттық қойылымдар сарбаздардың рухын көтеріп, елге, жерге деген сүйіспеншілікті ұштай түсті.

Бүгінгі шара – ерлікке тағзым, бейбіт күнге алғыс, келешекке үміт ұялатқан мазмұнды да мәнді басқосу болды. Бұл мерекелік жиын әрбір сарбаздың жүрегінде мақтаныш пен жауапкершілік сезімін одан әрі күшейтіп, Отан алдындағы қасиетті борышты мүлтіксіз орындауға жігер қосты.

07.05.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6554
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6681
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21663
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20277
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23762