11 қыркүйекте Атырауда қазақстандық өндіруші және жабдық пен материал жеткізуші компаниялардың форумы өтті. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Атырау облысы әкімдігі мен ҚР Энергетика министрлігінің қолдауымен ұйымдастырған іс-шарада бір топ отандық компания бас қосты.
Форумға жабдықтар мен құрамдас бөліктер шығаратын 100-ден астам қазақстандық компания қатысты. Қатысушыларға «Полиэтилен» жобасын іске асыру кезінде сатып алынатын үлгілер туралы ақпарат ұсынылды, сондай-ақ Tecnicas Reunidas (Испания) және Sinopec Engineering Incorporation (ҚХР) мердігер компаниялары болашақ зауыт құрылысының жұмыс жоспарымен және жабдықтарға қойылатын талаптармен толығырақ таныстырды.
Форум аясында Tecnicas Reunidas S.A. мен Sinopec Engineering Incorporation консорциумы (әрі қарай – Консорциум) және «АтырауНефтеМаш» ірі габаритті жабдықтар өндіру туралы өзара келісімге қол қойды. Оның ішінде зауытқа қажет екі баған, бірі – ұзындығы 100 метр және салмағы 1150 тонна этилен фракционаторын шығару бар.
Консорциум сондай-ақ Қазақстан машина жасау одағымен және Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталық «IMB орталығымен» өзара іс-қимыл туралы келісімдерге қол қойды.
Жергілікті бизнес үлесін дамыту үшін мұндай іс-шараларды жүйелі негізде өткізу жоспарда.