«Отаным – аманат» Астана аспанын әнге бөледі

«Отаным – аманат»  Астана аспанын әнге бөледі

Отан қорғаушылар күніне орай «Бәйтерек» монументінің жанында «Отаным – аманатым» деген атаумен салтанатты концерттер өтті. Мерекелік шараға елорда тұрғындары мен қонақтары көп жиналды. Монумент алаңында көңілді ән кешімен қатар спорттық ойындар, жәрмеңке ұйымдастырылды. Қызықты аниматорлар мен ұзынаяқ қуыршақтар өнер түрлерімен балаларға зор қуаныш сыйлады.

ҚР айрықша мақсаттағы күштердің мемлекеттік күзет қызметінің, ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының және орталық әскери үрлемелі  аспаптар оркестрі астананы патриоттық рухқа бөлесе,  Qanay, «Заман» тобы, Дос, Ayree, Еркеш Хасен, Ғаділбек Жанай, Ибрагим Ескендір секілді өнер жұлдыздары әуелеген әсем ән, тәтті күймен тербетті. 

– Астана бүгін ерекше ажарланып кеткендей. Балалар сондай көңілді. Біз мерекеде үнемі отбасымызбен қыдырамыз. Қала жылдан-жылға көркейіп келеді. Аспанымыз ашық болсын! – дейді  астаналық Әлия Мерген.

Астана  қаласы әкімдігінің «Креативті индустрияларды дамыту орталығы» ұйымдастырған мерекелік концерттің «Отаным – аманатым» деп аталуының да өзіндік мәні бар. Кең байтақ Қазақ елінің арайлы Астанасының төрінде Отанға деген сүйіспеншілік, Отанға деген құрмет, Отанға деген махаббат әнмен өріліп, күймен төгіліп, атаулы күннің мазмұнын өскелең ұрпаққа ұғындыра түсті десек, қателеспейміз.

 

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ
18.05.2023

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН МУЗЫКАЛЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНДА ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 15
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАСТАРЫ ҮШІН БИЫЛ АРНАУЛЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА 15 500 ГРАНТ БӨЛІНЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 17
ДАРХАН САТЫБАЛДЫ ҚАЗЫҒҰРТТА КӘСІПКЕРЛІКТІ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 24
 СОЗАҚ АУДАНЫ ӨНЕРКӘСІП ӨНІМ КӨЛЕМІ БОЙЫНША ОБЛЫСТА КӨШ БАСТАП ТҰР
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 02.05.2024 19
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ, ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БІРНЕШЕ АУЫЛҒА ГАЗ БЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 02.05.2024 19

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1175
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7221
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11086
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7287
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7432