Қарулы күштердің 30 жылдығы қарсаңында «30 игі іс» акциясы аясында Гвардейск гарнизонындағы танкистер құрамасында «Отбасылар алеясы» ашылды.
Шараға қатысқан әскери қызметшілердің отбасы мүшелері бөлім аумағында ағаш отырғызды.
– «30 игі іс» акциясы Қарулы күштердің 30 жылдығына арналып отыр. Бүгін әскери бөлім аумағында ашылып отырған «Отбасылар алеясы» соның бәр парасы ғана. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады, – дейді әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмыс жөніндегі қызмет жетекшісі Айна Омарова.