Отыз жылда орда бұзған басылым

Отыз жылда орда бұзған   басылым

 

Заман, заман!

Мың сәтінің бірі ұлық,

Қарекетті жасай алсаң сұғынып.

Тап бергенде шап беретін шешімдер,

Көрсетеді өткен күннен ұлылық.

 

Қазақ елі егемендік алғанда,

Не тәуекел жасалып ед талғамға.

Кімде болса, сол билейді, ақпарат,

Деген нұсқа сірә кейін қалған ба?

 

Тұрғыт Өзал Түркияның басшысы,

Сапарменен келіп еді еліме,

Орындалып достық деген басты ісі,

«ZAMAN» деген басылымның ондағы

Ізбасары қалықтады көгімде.

 

Ақпараттың тасқын, селін бағамдап,

Газет ашты алтын тұяқ тағандап.

Ел бірлігін, ақиқатты айтсын деп,

Ілгерінді іске жүрді қадамдап.

 

Ашты осылай «ZAMAN-Қазақстанды»,

Тұңғыш басшы Қалтай аға ұстамды.

Нар тұлғаның қазанында қайнаған

Талай тілші қанат қағып ұшқан-ды.

 

Шыңда «ZAMAN» ғаламдағы ел білген

Газеттер аз мұныменен тең келген.

Болат аға қаламынан жаңбырдай

Жұртқа құяр аталы сөз әрленген.

 

Жазған жоқпыз тұлдыр сөзді «көпіріп»

Ойлап байқап, белді буып бекідік.

Жұмабайдың ығын есіп, өрледік,

Арты шаңсыз, алды даусыз жетіліп.

 

Алды кейін Марат аға қолына,

Әділдіктің бастап жүрді жолына.

Саясат пен әлеуметтік мәселе,

Мәдениет пен тарих толды қорына.

 

«Қазақстан-ZAMAN» аты өзгерді,

Дәуір болып дәуірлеуін көз көрді.

«Qazaqstan dauiri» боп ел кезіп,

Саралауда сары алтындай кездерді.

 

Міне бүгін еншісінде  Ертайдың,

Газетіңде жазылуда ел қайғың.

Қуанышың, сүйіншің де осында,

Секілденіп мөлдіреген көл, айдын.

 

Тәтті сөзбен газет алға өрлейді,

Сапар шексек елдегі жұрт «жөн» дейді,

Біздер жаққан әр ауылдың үміті

Тасқа басып кеткеннен соң сөнбейді.

 

Бойы балқып, ойы шалқып оқыған,

Жүрегіне өрелі сөз тоқыған,

Талай жанның сана көзі ашылды

Асыл діннің газеттегі «отынан».

 

Ел де сүйіп құрметтейді асылын,

Мен де бүгін қуаныштан тасыдым.

Қара түнгі селебе жарқылысың

Отыз жылда орда бұзған басылым!

Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ
30.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805