ӨЗ МІНДЕТІН АДАЛ АТҚАРҒАН АБЗАЛ ЖАНДАР

ӨЗ МІНДЕТІН АДАЛ АТҚАРҒАН АБЗАЛ ЖАНДАР
«Еңбек адамы» бейнесін танымал ету – ізгі мұрат. Себебі ел дамуы еңбекқор адамдардың арқасында жүзеге асады. Астана қаласында «Еңбек адамына» көрсетіліп жатқан құрмет ерен.  Республика күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ адамды мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлері, әскери қызметкерлер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар.
 

Тоқаевтың жарлығымен Президент жанындағы ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев «Қазақстанның еңбек ері» атағын алды. Одан бөлек, алматылық мұғалім Гүлжанар Нұрпейісова мен оралдық мұғалім Эльмара Траисоваға, Қарағанды облысындағы «Шахтерское» компаниясының директоры Георгий Прокопқа да осы атақ берілді.

Кардиохирургия және трансплантология ғылыми-клиника орталығының директоры Сейітхан Жошыбаев пен ақын Нұрлан Оразалин «Отан» орденімен марапатталды. Тоқаев ақын Нұржан Светқалиға, жазушы Құлбек Ергөбекке, суретші Жанұзақ Мүсәпірке Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2024 жылғы мемлекеттік сыйлығын берді. Биылдан бастап марапаттар қатарына «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» атағы қосылып, оны үш дәрігер алды.

Ақорда «биыл мемлекеттік наградалар тағайындауда қарапайым жұмысшылар мәртебесін асыруға, еңбек өкілдерінің қоғамдағы абырой-беделін арттыруға айрықша мән берілді» деп мәлімдеді. Марапат алғандар қатарында 450-ден астам жұмысшы, 137 педагог, 80-нен аса ғалым, 100-ге жуық құтқарушы мен ерікті бар. Былтыр Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың негізгі отырысында ең үздік еңбек адамдарын мемлекеттік деңгейде ұлықтау туралы бастама көтерген болатын. 

«Қажетсіз мамандық болмайды, біліксіз маман болады. Ерінбей еңбек еткен жан өз ісінің майталманы атанады. Ал, кәсібін толық меңгерген адам қашанда сұранысқа ие болады. Біз еңбек адамының мәртебесін көтеруге баса мән береміз. Елімізде түрлі саланың кәсіби мерекесі бар. Көбінесе мұндай мейрамдар назардан тыс қалып жатады. Менің ойымша, «Еңбек күніне» орай ең үздік мамандарды мемлекеттік деңгейде ұлықтаған жөн. Бұл қадам қоғамда еңбек культін орнықтыруға жол ашады. Шын мәнінде, қандай жұмыс істеп жүргенің емес, оны қалай істеп жүргенің әлдеқайда маңызды. Министр немесе әкім болсын, құрылысшы, дәрігер, мұғалім болсын, ең бастысы, әркім өз міндетін адал атқаруы керек. Нанын адал еңбекпен табуы керек», – деді Президент.2022 жылдың 14 желтоқсанында Қазақстанда қоғамдағы еңбек құндылығы идеологиясын ілгерілетудің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданғаны туралы қаулы шықты. Бұл жөнінде Президенттің 2022 жылғы «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты халыққа Жолдауында айтылған еді. Онда еңбек адамының имиджін дәріптеудің өзектілігі, сондай-ақ қазақстандықтардың өміріндегі еңбектің маңыздылығына назар аударылған. Содан бері не өзгерді? Еңбек құндылығын ілгерілетудің кешенді жоспары қалай жүзеге асуда?

Еңбек адамы – бұл  жұмысшы кәсібімен айналысатын адам, олар – станокшылар, дәнекерлеушілер, құрылысшылар, күтушілер және т.б. Кешенді жоспарда адам өміріндегі еңбектің рөлі ерекше екендігі айтылады. Адамның қажеттіліктерін өтеу материалдық және рухани құндылықтарға ден қою арқылы жүзеге асырылады. Сонымен бірге адамның дамуы, оның қабілеттері мен шығармашылық мүмкіндіктері тағы бар. Сондай-ақ, қазіргі қазақстандық қоғамда «еңбек адамның бостандығына кепілдік береді» деген тезисті дамыту аса маңызды. Еңбек пен бостандықтың өзара байланысы органикалық сипатқа ие, ал турасында еңбек тек шығармашылық еңбекке барынша мүмкіндік берілген қоғамда ғана еркін бола алады.

Бұл бағыттағы жұмыстар сонау 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік органдарға жүгініп, әлеуметтік көмекке мұқтаж адамдар мен жұмыс істегісі келмейтіндер, мемлекеттің көмегіне сенетіндер, жәрдемақыларға өмір сүретіндер арасында «іріктеу» жүргізу қажеттігін атап өткеннен кейін басталды. Еңбек министрлігі мемлекеттің барлық әлеуметтік кепілдіктерді қамтамасыз етіп беруін күтуге емес, мемлекет нақты шектеулі кезеңдерде халықтың белгілі бір санатын әлеуметтік қолдауға қатысқан кезде азаматтың жеке жауапкершілігіне негізделген әлеуметтік қорғаудың жаңа моделін қалыптастырудың өзектілігі артып келе жатқанын мәлімдеді. Ал бұл жүйенің дұрыс жұмыс істеуі үшін қазақстандықтардың ойындағы еңбек культін әзірлеу қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында: «Елімізде еңбекқор адам, кәсіби маман ең сыйлы адам болуға тиіс. Осындай азаматтар мемлекетімізді дамытады. Біз қарапайым еңбек адамына құрмет көрсетуіміз керек. Қандай кәсіппен айналыссаң да, оны сапалы атқару маңызды. Шын мәнінде, ең бастысы – адал еңбек. Біз мұны жете түсінетін ұрпақ тәрбиелеуге тиіспіз. Идеология жұмысында осыған баса мән берген жөн», – деп атап өтті. Еңбек адамы бүгінде жастарға үлгі болуы тиіс. Қоғам адал еңбек етіп, ел дамуына, экономиканың өсуіне үлесін қосып жүрген жандарды білуі қажет. Шараның негізгі мақсаты – қоғамда еңбек адамына деген құрметті арттыру, жастарға адал еңбекті үлгі ету.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
22.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 191
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 184
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 694
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 816
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 730

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8886
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8281
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11509
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9265
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10493