ӨЗГЕ ҰЛТ ҚАЗАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТАНИДЫ

ӨЗГЕ ҰЛТ ҚАЗАҚТЫ ТҰЛҒАЛАРЫ АРҚЫЛЫ ТАНИДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі ғалымдармен кездесіп, стратегиялық бағдар Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталғанын айтты. 

«Еліміздің барлық азаматы, әсіресе, жастар мұны жақсы түсінуі керек және реформалардан шет қалмағаны абзал. Бүгінгі жас ұрпақ жаңғыру үдерістеріне атсалысып, елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың игілігін толық сезінуі қажет. Дарынды, талапты және еңбекқор жастар, оның ішінде ғалымдар – заманауи Қазақстанның жарқын келбеті. Жас әрі терең білімді азаматтар – ұлтымыздың басты капиталы және қоғамдағы оң өзгерістердің қозғаушы күші. Халқымыз қашан да жаңашылдыққа құштар болған. Әрдайым білімге, шығармашылыққа және жасампаздыққа ұмтылған, бірлік пен ынтымақты ту еткен. Бүгінде халқымыздың жоғары білім деңгейі, озық ойлау жүйесі, азаматтардың жауапкершілігі, көп тілді жетік меңгеруі және мәдени әралуандылығы ұлттық бірегейлігіміз бен қазақтың «жұмсақ күші» дейтін ұғымның негізін құрайды. Мұның бәрін бір ауыз сөзбен қазақтың «жұмсақ күші», яғни «soft power» деуге болады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы сөз арасында Шоқан, Абай, Әлихан, Ахмет, Қаныш сияқты ғалымдардың әлемді таңғалдырғанын тілге тиек етті. 

«Өзге жұрттың қазақ туралы пікірі осындай тұлғаларымыз арқылы қалыптасқан. Қазір де өзінің білімі, өнері арқылы әлемді мойындатып жүрген жастарымыз аз емес. Олар кез келген тілді тез меңгеріп алады. Қандай ортаға да жылдам бейімделеді. Бізді әлем елдері көзі ашық, көкірегі ояу халық ретінде таниды. Білімпаздық, еңбекқорлық, алғырлық пен жасампаздық – қанымызға сіңген қасиет. Осы қасиеттерімізді әрдайым тиімді пайдалана білуіміз керек. Біз қазіргі заманғы технологияны меңгерген жас ғалымдарға зор үміт артамыз. Жастардың ғылыммен айналысуына барынша жағдай жасап жатырмыз. Биыл Ұлттық ғылым академиясының жанынан Жас ғалымдар кеңесі құрылды. Бұл кеңес талапты жастардың басын қосып, ғылым жолына жұмылдырады деп сенемін. Шәкәрім «Жас көңілде жарық бар» деп айтқан. Жастарымыз жасампаз және жаңашыл болуы керек. Жастық шақ – уақытты босқа өткізетін емес, ел үшін табанды қызмет ететін кез. Академик Қаныш Сәтбаевтың өмір жолы – осының жарқын мысалы. Ғұлама ғалым небәрі 25 жасында «Алгебра» оқулығын жазуға кіріскен. Ал 30 жас шамасында Жезқазғандағы кен орнын ашқан. Жас ғалымдарымыз туған еліне пайдасы тиетін жұмыспен айналысқаны жөн. Ұрпақтың білімді, отаншыл, мемлекетшіл болуы маңызды. Жастарымыз Адал азамат болуы керек. Еліне, өз ісіне адал азаматтар ғана Қазақстанды көркейте алады», – деді Тоқаев.

 

10.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: КОРЕЙСКИЕ ИНВЕСТОРЫ ВНЕДРЯТ ПЕРЕДОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В АГРОСЕКТОР
Пресс-служба акима Туркестанской области - 29.01.2025 52
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 79
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 135
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 57
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 88
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 109

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14012
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12833
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16090
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14993
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20043