Патриотизм – ұлт тірегі!

Патриотизм – ұлт тірегі!

Астана қаласында «Заң және тәртіп» акциясы аясында «Ұл тәрбиесі – ұлттың тірегі» және «Қызым, саған айтам – 2» атты жазғы онкүндік курстар жалғасып жатыр. Бұл жақсы бастама жастарды отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелейді. Ұлтжанды азаматтардың көптеп өсіп шығуына мұндай іс-шаралардың берері көп. 

Курстарды қалалық әкімдікке қарасты Дін істері басқармасының қолдауымен «QAMQOR-ASTANA» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.

Іс-шараның басты мақсаты – қазақ халқының рухани-мәдени мұрасын насихаттау, өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрге баулу, ұлттық тәрбие беру, адамгершілік қасиеттерді, азаматтық пен патриоттық сезімді қалыптастыру.

Мұндай курстар алғаш рет 2024 жылы Бурабай ұлттық паркінің аумағында орналасқан «Жетіқазына» этноауылында басталған болатын. Ал биыл ұлттық-интеллектуалдық курстар Астана маңындағы «Тереңкөл» этноауылында өтіп жатыр. Әр курс екі күнге созылады, барлығы алты курс жоспарланған: ұлдарға – үшеу, қыздарға – үшеу. Лагерьге қатысқан балалардың жалпы саны – 120.

Курсқа тәлімгер ретінде этнограф, ұлттық құндылықтарды насихаттаушы Тұрар Сәттарқызы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ардақ Назаров, «Толағай» ұлттық спорт федерациясының жетекшісі Темір Спатаев, педагог-психолог әрі сарапшы Жұлдыз Жаңабергенова, тарих ғылымдарының докторы, республикалық ақпараттық-ағартушылық топтың мүшесі Жарас Ахан, тарих ғылымдарының кандидаты Зылиха Ибадуллаева, «Қазақ радиосының» редакторы, театр және кино актрисасы Толқын Сұлтанова, қолөнер шеберлері Алтынай Тәңірбергенова мен Амантай Тұрсынбүбі, сондай-ақ қордың теологтары мен психологтары қатысты.

Курс аясында ұлттық құндылықтар, дәстүрлер мен ерліктің үлгілері жөнінде теориялық дәрістер оқылып, тәжірибелік сабақтар өткізілді. Қатысушылар садақ ату, атқа міну, қой сою, ұлттық тағам дайындау, самаурын қайнату, дәстүрлі әшекей бұйымдарды жасау, сондай-ақ асық ату, садақ ату, найза лақтыру, ләңгі ойнау, қой көтеру сынды ұлттық спорт түрлерінен жарыстарға қатысты.

Әр курс аяқталған соң ұйымдастырушылар тарапынан қатысушыларға ақшалай сертификаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Патриотизмнің түрі көп. Соның бірі – отандық өнімді қолдау. Өз кәсіпкерлеріміздің шығарған өнімдерін тұтынып, ақшаны өз елімізде қалдыру. Осы қағидатқа сүйенген Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында айтты.

«Үкімет экономикалық патриотизм қағидатын қатаң ұстанатын болады. Біз қашанда отандық өндірушіні қолдаймыз. Бұл – әрбір әкімнің, әрбір салалық министрдің міндеті. Ол тек сөз жүзінде ғана емес, нақты іс жүзінде орындалуға тиіс.

Импортты алмастыру жұмыстарын, оның ішінде офтейк-келісімшарттар арқылы жандандыра түсу қажет. Бұл отандық компанияларға өздерін алдағы бірнеше жылдар бойына тапсырыстармен қамтамасыз етуге, жаңа өндірістерді кеңейтуге және игеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.

Экономикасы қарқынды дамыған көптеген елдер ішкі нарықты қолдау және қорғау саясатын белсенді жүргізетінін атап өткен жөн. Халықаралық валюта қоры мұндай қорғау шараларының жартысына жуығы Қытай, Еуропалық Одақ және АҚШ экономикаларына тиесілі.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК

 

07.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 16568
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 16422
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 31606
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 30215
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 33817