Пестрое көлінің маңында эко-саябақ құрылмақ

Пестрое көлінің маңында  эко-саябақ құрылмақ

Көктем келісімен облыс орталығының бас көшесін қайта жаңғыртудың екінші кезеңі басталды.

Биыл жөндеу жұмыстары Парк көшесінен Назарбаев көшесіне дейінгі аралықты қамтиды. Жоба аясында тас төсемін ауыстыру, жарықтандыру жүйесін жаңғырту және сәулеттік келбетін кешенді түрде жаңарту көзделген. Жаяу жүргіншілерге арналған ең ұзын көшедегі тұрғын үйлер мен кәсіпкерлік нысандарының қасбеттері жаңартылады. Одан бөлек субұрқақтарды жөндеу және абаттандыру элементтерін орнату жоспарланған.

Сонымен қатар Пестрое көлі маңында «Qyzyljar» эко-паркін құру жобасы жүзеге асырылуда. Саябақтың жалпы аумағы 41 гектарды құрайды. Мұнда жыл бойы демалуға, мәдени іс-шаралар өткізуге арналған қолжетімді кеңістік құрылып, триатлон парк орналаспақшы. Бұл – осыған дейін «Солтүстік жұлдызы» аталып, қалалықтар үшін тек  жаз бойы шомылатын жағажай міндетін ғана атқарып келген болатын. Енді «Астана – Петропавл», «Жезқазған – Петропавл» автожолдары арқылы  облыс орталығына  кіретін көрікті оңтүстік қақпа жаңа кейіпке енгелі отыр.  

Жоба аясында аумақты абаттандыру, жарықтандыру жүйесін орнату, шағын сәулеттік нысандарды орналастыру, инженерлік инфрақұрылымды дамыту және автотұрақ аймақтарын ұйымдастыру қарастырылған. Сонымен бірге Тепличное ауылы арқылы паркке апаратын кірме жолды кеңейту және 520 орындық автотұрақ салу жобасы әзірленуде.

Нұрсайын ШӘРІП,

Солтүстік Қазақстан облысы. 

Облыс әкімінің баспасөз қызметі 

материалдары бойынша әзірленді

 

16.04.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25301
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24799
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42230
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38084
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42571