«Аманат» партиясының сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласының сапасы мен қолжетімділігін арттыруға үлкен көңіл бөлінген.
Туберкулез әлемдегі ең көне жұқпалы аурулардың бірі. Олардың ішінде ең жоғары өлім туберкулезден. Дүниежүзілік денсаулық саутау ұйымының мәліметі бойынша туберкулезден 2021 жылы әлемде 10,6 миллион адам ауырып, 1,5 миллион адам қайтыс болған.
Орталық Азия туберкулездің, әсіресе дәріге төзімді түрлерінің ең жылдам өсіп келе жатқан ошағы болып табылады.
Қазақстанда 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда туберкулезбен ауру 3%-ға, жасөспірімдер арасында 7,5%-ға өскені байқалады.
Туберкулезді әлеуметтік маңызы бар ауру ретінде емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз етіледі. Бірақ туберкулезге қарсы ауыр препараттардың зиянынан туындаған асқынуларды емдеу аталған кепілдік көлемі аясында қарастырылмаған, ал науқастар сақтандыру жүйесі бойынша емделуге тиіс.
Осы жерде мәселе туындайды.
Ұзақ емдеу кезеңінде науқастар жұмыссыз қалады және олардың көпшілігі медициналық сақтандыру жарналарын төлей алмайды. Аурудан айыққан азаматтарға одан әрі мемлекеттік қолдау көрсетілмейді.
Ауыр препараттар, туберкулезге қарсы химиотерапия жанама әсерлер тудырады. Бүйрек, бауыр және басқа органдар жиі зардап шегеді. Көбінесе пациенттер көру және есту қабілетін жоғалтады.
Сонымен қатар, баспанасы жоқ адамдарды туберкулезден емдеуде қиындықтар туындайды.
Олар туберкулезге қарсы стационарда ем алып, оң клиникалық динамикаға жеткенде амбулаториялық негізде емдеу курсын жалғастыру керек, бірақ тұрғылықты жері болмағандықтан қиындық туындайды.
Өңірлерде «баспанасыздарды» уақытша орналастыратын әлеуметтік бейімдеу орталықтары бар. Бірақ нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес, жұқпалы болмасада науқастарды осы орталықтарға орналастыру мүмкін емес.
Осыған байланысты ұсыныстар:
1. ГОБМП шеңберінде туберкулезбен ауырған науқастарға амбулаторлық емдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету.
2. Тиісті министрліктер нормативтік-құқықтық актілеріне баспанасыз науқастарды әлеуметтік бейімдеу орталықтарына орналастыруға мүмкіндік беретін өзгерістер енгізу керек.
Құрметпен,
«AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Г. Нұрымова А. Құспан Е. Смышляева