Президент Кеңесшісі Атырау облысында кездесу өткізді

Президент Кеңесшісі Атырау облысында кездесу өткізді

Мемлекет басшысының Жолдауындағы негізгі стратегиялық бағыттар Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев және Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен өткен кездесуде талқыланды. Іс-шараға барлық деңгейдегі әкімдер мен мәслихат төрағалары, мемлекеттік органдардың басшылары және қоғамдық кеңес өкілдері қатысты.

Жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген бастамалардың маңыздылығын атап өтіп, оны іске асыру бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде айтты.

Кездесу барысында Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетов ауданның даму жоспары аясындағы жаңашылдықтарды таныстырды. Сонымен бірге ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұрат Өтешов Мемлекет басшысының басым бағыттарын орындау үшін өңірде нақты шаралар атқарылып жатқанын атап өтіп, Президент кеңесшісіне өңірдің дамуына қатысты бірқатар ұсыныс айтты.

ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жолдауда белгіленген басым бағыттарды тиімді жүзеге асыру үшін барлық салада да жүйелі және үйлесімді жұмыс қажет екенін ерекше атап өтті.

 

28.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 21867
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 21641
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 37146
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 35221
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 39275