ПРЕЗИДЕНТ МУЗЕЙІНЕ ӘЛЕМ КӨЗ ТІКТІ

ПРЕЗИДЕНТ МУЗЕЙІНЕ ӘЛЕМ КӨЗ ТІКТІ

Былтырғы жыл Елордамыз үшін сәтті жыл болды. Шетелдік қонақтардың Астанамызға келуі де жылдан-жылға молая түсуде. Себебі туристік аймақтар көбеюде. Олардың қатарында ЭКСПО, аңыздарды заманауи ақиқатпен сабақтастырған – «Бәйтерек», бүгінгінің болмысымен белгісіз болашақтың бейнесін танытқан – «Нұр Әлем», тарих тағылымын талғампаз сәулетпен үйлестірген – «Хан Шатыр» сияқты бірегей нысандарға бас шаһардың бар кереметі дарыған. Оған 2024 жылы ҚР ПІБ Президенттік орталығының музейіне 100 мыңнан астам адам келіп, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 3800-ден астам экскурсия ұйымдастырылғанын қоссақ жеткілікті. Бұл жолғы әңгіме  Президенттік орталығының музейі жайлы болмақ. Бұл жерде  жалпы саны 52 мың келушіні қамтитын 3500 шолу экскурсиясы және 4500 қатысушыны қамтыған тарих пен мәдениеттің жекелеген аспектілерін таныстыруға бағытталған 297 тақырыптық экскурсия ұйымдастырылған. Бұл нәтиже жұмысты ұйымдастырудағы жүйелі көзқарастың, инновациялық форматтарды енгізудің және аудиториямен белсенді әрекеттесудің арқасында мүмкін болыпты. 

Музей Қазақстан тұрғындарының ғана емес, шетелдік қонақтардың да назарын аударды. Өткен жылы музейге 40-тан астам елден 8 мыңнан астам адам келді. Келушілердің басым бөлігі Ресей, Қытай, Орталық Азия елдері, Польша, Германия және Франциядан келген туристер. Бұл халықаралық қоғамдастықтың Қазақстан тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын, сондай-ақ музейді әлемдік аренада танымал ету бойынша жұмыстың көрсеткіші.

2024 жылғы жұмыстың маңызды бөлігі келушілер арасында әлеуметтанулық сауалнаманы енгізу болды. Бұл қалаулар, қызығушылықтар және музей қызметіне қанағаттану деңгейі туралы деректерді жинауға мүмкіндік берді. 

Сауалнама деректері қонақтардың 62,8% алғаш рет музейге келгенін көрсетті. 99,6% қызмет көрсету деңгейіне қанағаттанатынын білдірді. Респонденттердің көпшілігі экскурсоводтармен топтық экскурсияларды (54,5%) таңдады, бұл аудиториямен тікелей қарым-қатынастың маңыздылығын көрсетеді.

Келушілердің басым бөлігін мектеп оқушылары мен 25 жасқа дейінгі жастар (71,7%) құрады. Жастар аудиториясының жоғары үлесі еліміздің оқу мекемелерінің жемісті ынтымақтастығының нәтижесі болып табылады. Бірлескен жұмыс мектеп пен колледж студенттеріне музейге келуді ұйымдастыру, сондай-ақ олардың академиялық бағдарламалары мен демалыс кезеңдерін ескере отырып, экскурсия кестелерін әзірлеуді қамтыды. 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
23.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

СУ ТАСҚЫНЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 137
ТҮРКІСТАН: САЙРАМ АУДАНЫНДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІ ОРНАТЫЛУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 14.03.2025 39
Қазақстанның МХҚКО-ларында қосымша сервис енгізілді
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияcы - 14.03.2025 113

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2162
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2394
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17285
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 16007
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19381