Президент саябағының сәулетіне сән қосқан нысан

Президент саябағының сәулетіне сән қосқан нысан

Біршама күннен соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Бос күндерін тиімді пайдалану үшін таптырмайтын орынның бірі лагерь екені сөзсіз. Қызылордалық оқушылар жыл сайын өңіріміздің әр орынында лагерьлерге барып, жаздың демалысын сәтті өткізіп жатыр. Алайда республикалық талапқа сай лагерь болса деген арман бар еді. Сол арман жақын күнде орындалады. Ол  – Президент саябағы аумағында бой көтерген 300 орындық балалар тынығу лагері.  

Президент саябағы аумағында бой көтерген 300 орындық балалар тынығу лагері жеткіншектердің салауатты орта қалыптастыруына бағытталған спорт кешенінен, балалар мен тәрбиешілерге арналған тұрғын блоктардан, мәдени-көпшілік іс-шараларға арналған event-аймақтан, 5 киіз үй, ашық бассейн, ойын алаңдарынан және амфитеатрдан тұрады. Демалушыларға жыл – он екі ай қызмет көрсететін лагерь 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай тарту етілді. 

Президент саябағындағы сәулетіне сән қосқан тағы бір нысан – Ботаникалық білім беру орталығы. Шынымен қапталған, екі қабатты заманауи ғимаратта Оңтүстік Америка, Африка, Қытай, Мексика, Жапония және Мадагаскарда өсетін өсімдіктер бағы орналастырылады. Көпфункционалды нысанда келушілерге табиғат, ғылым мен экологиялық мәдениет үйлесімі көрсетіледі. Облыс орталығындағы құрылысы қарқын алған тағы бір нысан – «Қызылорда Арена» көпбейінді спорт кешені. Кешенде олимпиадалық бассейн, 2500 орындық спорт залы, сондай-ақ түрлі форумдар мен жиындар өткізуге арналған 300 орындық конференция залы қарастырылған. Нысанды осы жылдың тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған. Бала біздің болашағымыз болса, сол балаларды шыңдайтын орындар асқаралы армандарға жол сала бермек.

Айта кетейік, Сол жағалаудағы 500 орындық жаңа емхана – көпсалалы мекеме. Амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және күндізгі стационарлық қызмет көрсетеді. Мұнда жалпы тәжірибелік және акушерлік-гинекологиялық тіркеу, педиатрия, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек, профилактика және мектеп медицинасы бөлімдері қарастырылған. Сонымен қатар 50 төсектік күндізгі стационар, дәріхана, орталық стерилизация бөлімі, кір жуу орны, медициналық қалдықтарды сақтау аймағы, оқу кабинеттері, 50 орындық аудитория, 200 орындық конференц-зал және инженерлік-техникалық инфрақұрылыммен қамтамасыз етіледі. 

Жақында Қызылорда облысының әкімі Мұрат Ергешбаев, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары Мемлекет басшысының қолдауымен салынған, жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін «AI-KERIM» оқу-сауықтыру орталығының ашылу рәсіміне қатысты.

Оқу жылы аяқталуға жақын қалғанда оқушылар демалысын тиімді ұйымдастыру үшін іске қосылған орталық Президент саябағы аумағында орналасқан. Құрылысы былтыр қыркүйек айында сол кездегі аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен  қолға алынған болатын.

Бүгінде өңірде 180 мыңға жуық мектеп оқушысы бар. Олар жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуі үшін кешенді жұмыс жоспарланған. Биыл 170 мыңнан астам жеткіншектынығу лагерьлеріне, 150 мыңға жуығы мектеп жанындағы лагерьлерде демалады. Өңірде 7 лагерь жұмыс істейді. Рәсімде облыс әкімі жаңа орталық жас ұрпақтың жан-жақты дамуына, демалысына және бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беретін маңызды жоба екенін атап өтті.

«Бүгін Президент саябағы аумағында Мемлекет басшысының қолдауымен жыл бойы үздіксіз қызмет көрсететін оқу-сауықтыру орталығын ашып отырмыз. 10 млрд теңгеге салынған жаңа нысанның материалдық-техникалық базасы әлемдік озық стандарттарға толық сәйкес келеді. 300 орындық орталық аумағында 5 мың шаршы метрге жуық әкімшілік ғимарат, ауқымды іс-шараларға арналған ивент-аймақ, 4 жайлы жатақхана және қонақүй үлгісіндегі ғимарат бар.

Сонымен қатар балалардың демалысын тиімді ұйымдастыру үшін барлық қажетті инфрақұрылым мен заманауи жабдықтар орнатылып, демалыс аймақтары жасақталған. Алдағы уақытта 17 мыңнан астам шаршы метр аумағы толық абаттандырылып, көгалдандырылады.

Халықаралық Балаларды қорғау күні қарсаңында ашылып отырған бұл орталық Мемлекет басшысының қолдауымен жас ұрпаққа жасалған тамаша тарту, – деді Мұрат Нәлқожаұлы.

Оқу-сауықтыру орталығының басты ерекшелігі – қасында заманауи стандарттарға сай Ботаникалық бақтың болуы. Мұнда балалардың экологиялық білімін жетілдіруге және өсімдіктердің экожүйедегі маңызын түсіндіруге бағытталған оқу-танымдық жұмыстар жүргізіледі. Оңтүстік Африка, Орталық және Оңтүстік Америка, Қытайдан әкелінген өсімдіктер өсіріледі.

Президент саябағы аумағы да Қызылордадағы қарқынды құрылыс алаңына айналған. Тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар, демалыс орындары біртіндеп бой көтеріп келеді. Оқу-сауықтыру орталығы – мұндағы іске қосылған алғашқы нысан. 

Кейінгі жылдары аймақта Мемлекет басшысының және Үкіметтің қолдауымен 200-ге жуық әлеуметтік нысан салынғаны белгілі. Бір ғана білім беру саласында 43 нысан пайдалануға берілді. Олардың қатарында Президент бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясындағы 10 мектеп, физика-математика бағытындағы «Білім-инновация» лицей-интернаты, музыкалық колледждің жаңа оқу ғимараты мен жатақханасы, «Оқушылар сарайы» және «Сыр жұлдыздары» академиясы бар. Жалағаш, Жаңақорған және Шиелі аудандарындағы «Оқушылар үйі» мен «Өнер мектебі» жас жеткіншектердің шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға қызмет етуде.

Рәсімде Мұрат Абдуламитұлы, Руслан Рүстемұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы сөз сөйледі. Білім беру саласының дамуына елеулі үлес қосқан ұстаздар қауымы, жаңа нысан құрылысын мерзімінде аяқтаған мердігер мекеме қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы
21.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25247
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24754
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42188
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38040
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42521