Президентпен сұхбаттасқан Саламат

Президентпен сұхбаттасқан Саламат

Үй іргесіндегі шаруашылығын дөңгелетіп отырған жанның бірі – қостөбелік Саламат Рахманбердиев. Ол осыдан екі жыл бұрын «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» қанатқақты жобасы аясында 3 миллион 600 мың теңге несие алып, отбасы кәсібін бастап кеткен болатын. Ол қаржыға 3 бас жылқы, 6 бас мүйізді ірі қара және 10 бас қой мен қыстық жем-шөбін алған еді.

– Адам алға ұмтылып, талаптанса ғана мақсатына жетеді. Мені де осы биікке көтерген өз еңбегім. Ата-анамның қолдауы. Өйткені, олар маған дем беріп, мақсатыма жетуге сеп болған жақын жандар. Соның арқасында жобаға қатысып, мал алып, қора жайымды кеңейтіп, ойға алған жоспарымды жүзеге асыру үстіндемін, – дейді ол.

Саламатты елге танытқан да осы еңбегі. Еңбегінің арқасында ол қора- жайын кеңейтіп, бордақылау ісін жолға қойған. Бір жылда 5-5,5 тонна ет өндіріп, сауда орындарына өткереді. Мұндай шаруаны жүргізу үшін де үлкен қажырлық пен талпыныс қажет. Ондай қайрат Саламаттың бойында бар. Олай дейтініміз, Саламат «Әулиеата» көкпаршылар құрама командасының сапында ел намысын қорғаған спортшы. Көкпаршы әрі аударыспақ шебері. Талай додаларда топ жарып, аударыспақтан чемпион болған жігіт. Біраз уақыт спорттан қол үзіп қалған оны қазір «Әулиеата» құрама командасы қайта жұмысқа шақырыпты. Бүгінгі таңда ол алда аударыспақтан болатын республикалық чемпионатқа дайындықты бастап кеткен.

Саламаттың үй іргесіндегі шаруашылығымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысына жасаған жұмыс сапары барысында танысып, жоғары баға берген болатын. Президентпен кездескен кездесу Саламатқа үлкен серпін беріпті.

– Мен биыл үш ұйықтасам түсіме кірмейтін құрметке бөлендім. Менің шаңырағымда мемлекетіміздің бірінші адамы, Президентіміз Қасым- Жомарт Тоқаев болды. Қол алысып, шаруа жайында сөз қозғап, мақсатыммен бөлістім. Президентіміз өте қарапайым адам екен. Бұл кездесуді сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Аяғым жерге тимей, әуеде қалықтап жүргендей сезімде болдым. Әлі күнге сол сезімнен арыла алмай келемін, – дейді Саламат.

Анасы Айсұлу Мірәділқызы да баласының жетістігіне қуанып, жұбайы Қуаныш екеуінің төбелері көкке бір елі жетпей қалғанын айтуда. Олар да сезімдерін айтып жеткізе алмады, «оны тек жан дүниеңмен сезінесің, бірақ айта алмайды екенсің» деп күлімдейді ол.

– Президент «Саламат, тоқтама, ары қарай шаруаңды істе» деді. Осы кездесуде әкем мен анам қуаныштан жылап, өзім ерекше сезімде болдым. Әрине, қатты қуандым, қалай қуанбайын? Президент екінің бірінің үйіне келе бермейді ғой. Осы құрметке лайық болғаным үшін, Аллаға шексіз ризамын. Осының барлығы бүгінге дейін істеген еңбегімнің қайтарымы деп білемін. Бұл кездесу менің арманыма қанат, мақсатыма жол ашқандай болды, – дейді Саламат Рахманбердиев.

Саламат табыссыз емес. Ол түскен табысына қора-жай салып, «ГАЗ-53» жүк көлігін сатып алып, шөп тасымалдаумен де қосымша айналысуда. Қазіргі таңда 2 адамды жұмыспен қамтып отыр.

– Бүгінгі таңда, үйде 6 бас мүйізді ірі қара, 5 бас жылқы және 18 бас қой бар. Алынған несиені уақтылы жылына 2 рет, бекітілген кестеге сәйкес төлеп отырмын. Сондықтан, кәсібімді әрі қарай дамытып, алда жем тартатын цех салып, жем сататын дүкен ашу жоспарымда бар, – дейді Саламат Рахманбердиев.

Марат ҚҰЛИБАЕВ Байзақ ауданы , aqjolgazet.kz
27.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 42
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 36
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 42
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 51
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 42
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 121
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 125
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 317
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 310
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 933

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9006
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8401
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11627
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9384
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10611