Президенттің Иранға сапарының нәтижесі

Президенттің Иранға сапарының нәтижесі

     ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі: «Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ибрахим Раисидің кеңейтілген құрамдағы келіссөзінің маңызды нәтижесінің бірі — ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы мен транзитінде Қазақстан-Иран ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қою болды. Құжатқа Қазақстан тарапынан ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен АШМ басшысы Ербол Қарашөкеев қол қойды. Меморандумға сәйкес Иран Қазақстан бидайы мен басқа да ауыл шаруашылығы тауарларының еркін транзитін өз аумағы арқылы қосымша баждар мен алымдарсыз қамтамасыз етеді. Тараптар СВОП операциялары бойынша Қазақстанда өндірілген бидайды Иранға әкелуді және осындай мөлшердегі бидайды Иранның шығу шекараларынан әкетуді ынталандыратын болады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге байланысты мәселелерді шешу үшін бірлескен жұмыс тобын құру жоспарланған. ҚР ИИДМ мен Иран Ислам Республикасының Жол және қалалық даму министрлігі оңтайлы жылдамдық пен бағаны сақтай отырып, тауарлардың транзитін қамтамасыз ету үшін үшінші елдердің тиісті органдарымен байланыс орнатуға келісті. Меморандум қол қойылған күні күшіне енді.»,— деп хабарлайды.

22.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

Талғар төрінде халықаралық турнир
Салтанат Бакеева - 23.10.2025 37
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 88
Министрлікте өткен кеңес
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 22.10.2025 38
АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 88
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 319
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 317

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18991
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18850
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34017
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32571
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36373