Референдум

Президенттің жылдың ұлттық басымдыққа арналған бастамалары құптарлық

Президенттің жылдың ұлттық басымдыққа арналған  бастамалары құптарлық

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ел ертеңіне алаңдап, ішкі және сыртқы саясатқа жіті назар аударып отыр. Ұлттың асқақтығы – ұлттың басым бағыттарын айқындауымен шешілмек. Осыны терең зерделеген ел Президенті жыл сайын ұлттық басымдықтарға ерекше екпін беруде. Әр жылғы Жолдауында ұлттық басым бағыттарды нақтылап, оның қалай жүзеге асып жатқанын да бақылап отыр ел басшысы.

Жалпы, адамзат тарихы – қозғалыс пен өзгеріс жолы. «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында Президент: «Қоғам тарапынан сұрау болса, реформалар жалғасады», – деп үздіксіз даму заңдылығына назар аударды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық басым бағыттары «Әділетті Қазақстан» құруға, қоғамдық диалогты нығайтуға, этносаралық татулық пен мемлекеттілікті жетілдіруге бағытталған. Негізгі ұстанымдарға идеологиялық жаңғыру, жастар саясаты, мәдени-гуманитарлық даму және әлеуметтік-экономикалық тұрмыс-тіршілікті жақсарту жатады.

2026 жылға арналған Қазақстанның ұлттық басым бағыттары экономиканы 6,5%-ға өсіру, шағын және орта бизнесті дамыту, «Адал азамат» тұжырымдамасын ілгерілету және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған. Бұл туралы Президент Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында мәлімдеді.

Нақтылап айтсақ, 2026 жылға арналған негізгі басымдықтар мыналар:

Экономикалық өсім: Ішкі жалпы өнімді (ІЖӨ) арттыру, шағын және орта бизнестің үлесін 40%-ға дейін жеткізу және ұлттық қордың валюталық активтерін ұлғайту.

Экология және аймақтық даму: Арал мәселесін шешу, су көлемін қайтару жобаларын жүзеге асыру.

«Адал азамат» тұжырымдамасы: Әділетті қоғам құру, азаматтық жауапкершілікті арттыру.

Саяси жаңғыру: Жаңа конституциялық үлгіге көшу және тұрақты саяси реформаларды жалғастыру.

Бұл бағыттардың мақсаты – елдің жан басына шаққандағы ІЖӨ-сін рекордтық көрсеткішке ($15 мыңнан жоғары) жеткізіп, экономиканы тұрақты дамыту.

Астана мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы, Академияның құрметті профессоры, Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы Президенті, мемлекет және қоғам қайраткері Алихан Байменовтің мына пікірі де сан түрлі ойға жетелейді.

«Әр сайлау, әр референдум – азаматтық мектебі. Мектептегі білім мен тәрбие адамға қалай маңызды болса, сайлау тәрбиесі мен тағылымы азаматқа солай маңызды. Егер Парламент, әкім, мәслихат сайлаулары таза өтпесе, азаматтардың мемлекетке ықпалы төмендейді. Азамат өз мемлекетінде ғана бар ерекше құқықтарын жүзеге асырғанда, сол арқылы өз мемлекетінің тағдырына ықпалы болғанда ғана одан жауапкершілікті талап етуге болады.

Қазақ мәдениетінің демократияға қатысты бір артықшылығы бар. Бұл – жаңашылдық, бейімделгіштік және төзімпаздық. Бұл артықшылық жүзеге асу үшін реформаларға жауаптылардың өздері үлгі көрсету керек, яғни сөз бен істің арасында айырмашылық болмау керек. Сонда реформалар тез жүріп, біздің жер байлығымыз бен халықтың еңбекқорлығының жемісін барша адам көретін болады. Президент бастаған түбегейлі реформаларды жүзеге асыру үшін биліктің әр деңгейінде осы идеяларды қолдайтын, оны халыққа ұғынықты жеткізетін адамдар қажет. Ал қай билік кезінде де өз пайдасын ғана ойлайтындар жақсы идеяларды да, Президенттің бастамаларын да жүзеге асырмай кері тартады», – дейді ол.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі басымдықтарына да назар аударған жөн:

«Әділетті Қазақстан» идеологиясы: Әділдік, заң үстемдігі және мемлекеттілік негіздерін нығайту.

Ішкі саясаттың 7 бағыты: Қоғамдық диалог, этносаралық қатынастар, дін, мәдени-гуманитарлық сала, отбасы және жастар саясаты, ақпарат.

Әлеуметтік-экономикалық реформалар: Халықтың тұрмысын жақсарту, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі арқылы мемлекеттік басқаруды оңтайландыру.

Көпвекторлы дипломатия: БҰҰ аясында ядролық қаруды таратпау, ұжымдық қауіпсіздік және геосаяси тұрақтылықты сақтау.

Ұлттық бірегейлік: Ұлттық құндылықтар мен мәдениетті сақтау мен дамыту.

Саясаткерлердің пікірінше, бұл бағыттар саяси реформаларға үміт ұялатып, қоғамның тұтастығын нығайтуға бағытталған.

 

Нағашыбай Қабылбек
12.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23828
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23499
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40550
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36941
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41179