Психологиялық қолдау орталығы құрылды

Психологиялық қолдау орталығы құрылды

Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс, ерте жүктілік пен құқық бұзушылық бүгінгі қоғамда белең алып бара жатқаны жасырын емес. Десе де қылмысқа бей-жай қарауға болмайды. Жастар тәрбиесі өзектілігін жоймайды.

Түркістанда осындай мәселелерді ортаға салған, қылмыстың алдын алу жолдары мен білім саласындағы жұмысты жандандыру жайы сөз болған жиын өтті. Жиынға облыстық басқарма басшылары мен онлайн байланыс арқылы аудан-қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты. Мәжіліске облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев төрағалық етті.

– Облыста білім сапасын жақсарту, саладағы кемшіліктерді жою бағытындағы жұмыстарды жалғастыра отырып, аудан, қала әкімдігінің жауапты өкілдері өңірдегі ерте жүктілік, жасөспірімдер арасындағы суицид пен қылмыс дерегін азайту бағытында жұмыстарды жүйелеп, нақты жоспармен іс атқаруы керек. Сондай-ақ балалар лагерін жаңғырту, балаларға психологиялық көмек көрсету бағытында жүйелі жұмыс істелуі тиіс. Осы бағытта балалар жасанды интеллект арқылы психологиялық кеңеc ала алады. Жобамен барлықтарыңыз танысып, нақты ұсыныстар беріліп, жұмыстар атқарылсын. Осы саладағы жұмыстар қатаң бақылауда болады, – деген облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы тиісті жұмысты уақытылы атқару керектігін жеткізді.

Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Қасымбекова тәрбие саласындағы өзекті мәселелерді баяндап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды атап өтті. Ол кәмелетке толмағандардың арасында өзіне қол жұмсау фактілері статистикалық деректерге сәйкес, өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін айтты. Осы жағдайларды алдын алу мақсатында облыс әкімінің қаулысымен Түркістан облысы білім басқармасының «Түркістан облысының психологиялық қолдау орталығы» коммуналдық мекемесі құрылды. Алдын алу жұмыстарын әрі қарай жандандыру үшін өткен жылы үкіметтік емес ұйымдарды тартуға қаржы қаралып, 2000-ға жуық тәрбие саласына жауапты маман біліктілігін арттырды. Бүгінгі таңда облыстық психологиялық қолдау орталығын қолдау және білім беру ұйымдарына антибуллингтік бағдарламаны енгізу мақсатында Жобалық кеңсе құрылған.

Білім басқармасы басшысының орынбасары Жандос Нұрпейісов мектептерді жаңғырту жобасы аясында атқарылатын жұмыстар мен жоспарларды баяндады. Сонымен қатар жекеменшік орта білім беру ұйымдарына қаралған қаржыға тоқталды. Оның мәлімдеуінше, мектептерді жаңғырту жобасына облыстан 115 мектеп енгізілген. 2025-2027 жылдары 115 мектептің ғимараттарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу және асхана, кітапхана, спорт залы, сынып бөлмелерін жабдықтау, қауіпсіздік жүйесімен, пән кабинеттерімен, жиһаздармен қамтамасыз ету жоспарлануда. 2025 жылға жоспарланған 41 мектептің ішінде ағымдағы жөндеумен 15 мектеп қамтылса, 26 мектеп күрделі жөнделеді деп жоспарланған.

 

 

Ш. МЕКЕНБАЙҰЛЫ,

Түркістан облысы

20.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805