Алдыңғы буынның жылқыға сүйіспеншілігін білдіретін ат әбзелдеріне деген өзгеше көзқарасына бүгінгі буын куә болып келеді.
Ата-бабадан кейiнгi ұрпаққа мирас болып келе жатқан рухани дүниені,яғни мәдени мұраны кеңінен насихаттауды мақсат еткен Тоғызкент ауылдық округіне қарасты Әбілда ауылының тұрғыны Қабланбек Абдуллаев:
-Ат әбзелдерін бала күнімнен өз қызығушылығыммен жасаймын. Бүгінде 5 баланың әкесімін. Ауыл қарияларымен бірлесіп, қашанда жастарға ат әбзелдерін насихаттап, оның жасалу жолдарын түсіндіріп, білгенімді үйретіп отырамын. Осындай игі шаралар ұлттық қолөнерiмiздi насихаттауға, салт-дәстүрлерiмiз, тiлiмiз бен дiнiмiз, мәдениетiмiз бен әдебиетiмiз, жөн-жоралғыларымыз бiр сөзбен айтқанда, ұлттық рухымызды бойымызда мәңгi сақтауға септігін тигізері сөзсіз,-дейді.