Ал, Сапарәлі Тұрсынбаев №5513 әскери бөлімінде жұмыс істейді. Әскери бөлімнің шатыры ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Әсіресе, жаңбырлы күні бұл мәселе үлкен кедергі тудырады. Аталған сауал аясында қаржы бөлімі басшысына мәселені зерделеу жүктелді.
Қабылдауға жеке мәселесін көтеріп келген 3 азамат тұрғын үй беруді сұрады. Тұрғын үйге қол жеткізудің өз талап-шарттары бар. Бірнеше санаттағы тараздықтар кезекке тұру арқылы, кезегі келген сәтте баспанаға қол жеткізе алады. Қабылдауға келген адамдарға үй алудың тетіктері түсіндіріліп, бұл бағытта заң аясында көмек көрсетілетін болады.
Қоғамдық қабылдауға жазылғандардың көпшілігі өз мәселелері бойынша нақты жауаптармен қатар мамандар тарапынан құқықтық кеңестер көрсетілді. Өйткені, азаматтар «құжаттармен қайда және кімге» баратынынан бейхабар. Мәселен, Татьяна Шустова зейнетақыға қол жеткізе алмай жүргенін жеткізді. Оған басты себеп, бұрын Қырғызстан елінің азаматы болған. Қазіргі таңда Қазақстан азаматтығын алған. Бірақ құжат кедергілері кездесуде. Татьяна Шустованың сауалы бойынша жауаптыларға тапсырма жүктелді.
Өз кезегінде «Жайлау» шағын ауданының тұрғыны Гульфара Шарипбекова осы аудандағы «Мерей» сауда орталығына шағымын жеткізді. Ондағы азық-түлік бағасының қымбат екенін айтқан қала тұрғыны, бағаны бақылауға алуды сұранды. Енді бұл бойынша арнайы мониторинг тобы тексеру жүргізіп, анықтайтын болады.
Кезекті қабылдауға 8 тұрғын келді. Әрқайсысының көтерген сауалдары бойынша хаттама толтырылып, Ержан Жылқыбаев азаматтар өтінішін назарға алды.