Қадірлі оқырманымыз, сіздермен қоштасқымыз келмейді

Қадірлі  оқырманымыз,  сіздермен  қоштасқымыз  келмейді

Иә, сіздермен қоштасқымыз келмейді. Жыл бойына бірге болып, елімізде болып жатқан үлкенді-кішілі, ыстығы мен суығы аралас оқиғаларды бірге бастан кешкен оқырман бауырлармен қалай ғана қоштаса аласың? Сіз ше, қадірлі оқырманым, досыңыз, серігіңіз, кеңесшіңіз, қорғаушыңыз «Qazaqstan dauiri» газетін мынау сын сағаттарда қалай қиып тастап кетесіз? Әлбетте, тастап кетпейсіз. Сондықтан мұның жолы – тезірек поштаға барып жазылып, түбіртекті сақтап қою. Себебі кейде газетіміз сіздің үйіңізге келмей қалғанда осы құжатпен барып, оларды мойындатасыз.

Біздің газетіміз несімен сізге қадірлі? Оқырмандарымыздың айтуынша, батыл да өткір, әрі кез келген болып жатқан оқиғаға байыпты көзқараспен қарауымыз екен. Содан кейін ұлтшыл газетпіз. Ұлтшыл болғанда да қазақтың тағдырына бей-жай қарай алмайтынымыз. Солай ете отырып, біздің халқымызға ерекше құрметпен қарайтын этнос өкілдерін де шетқақпайлатпай, оларды да көтермелеп, ыстық құшағымызға тартамыз. Мынау алып та алпауыт дүние мейірім шуағымен ғажайып қой қашанда. Сонда ғана елімізде ынтымақ-бірлік болып, шуақты шақтарымыз көп болмақ.

Биылғы жыл, өздеріңіз білесіздер, Қаңтар оқиғасымен басталып, тып-тыныш өмірімізді аяқ астынан асты-үстіне түсірді. Халық әділеттілікті талап етіп көшеге атойлап шықты. Біздіңше, өте дұрыс талап. Себебі Назарбаев өзінің айналасындағы сыбайластарымен халықтың қазынасын ұрлап-тонап, бізді тығырыққа тіреді. Алайда бұқараның наразылығын, көтерілісін қара күштер шебер пайдаланып, оның арнасын басқа жаққа бұрды, талай бауырларымыздан айырылып қалдық. Қасіретті Қаңтар оқиғасын да, жасалып жатқан әділетсіздіктер жайлы да біз барынша көтердік, жаздық. Президентіміздің көтерген мәселелеріне де құлақ түріп, қолдайтын тұстарын қолдадық. Әрине, биылғы жыл мазасыз жыл болғанмен, халықтың көкірегінде үміт, сенім шоғы маздап жанып тұрды. Шіркін, сол сеніміміз нық орнығып, алдағы келе жатқан жаңа ресми жылда армандаған қой үстіне бозторғай ұялаған әдемі, мамыражай шақ келгей!

2022 жылдың соңғы нөмірі, Құдай қаласа, біздің ыстық сәлемімізді арқалап, сіздің шаңырағыңызды шуаққа толтырып жететіні анық. Аман болыңыздар!

Отбастарыңызға береке-ырыздық, жақсылықтар тілейміз. Халқымыз аман-есен болып, өмірімізді тыныштық әні әлдилеп тұрсын. Сіздерден тағы да өтінеріміз – кешігіп қалсаңыз, кез келген уақытта поштаға барып, газетімізге жазылуыңызға болады. Келе жатқан 2023 жыл сіздерге де, біздерге де қуанышқа, шаттыққа толы жыл болғай! Әумин!

Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ
22.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 43
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 574
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 688
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 603
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 612

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8749
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8149
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11378
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9132
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10363