Тіршілік атаулыға жан бітіретін көктемнің күлімдеген күндерімен бірге келетін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні нәзік жандыларымыздың төл мерекесі. Осы мерекенің себепкері болатын ардақты аналар, құлпырған қыз-келіншектер әркез ер азаматтарымыздың аяулы алақанында болмақ.
Ал, Сарысу аудандық полиция бөлімінде қыз-келіншектер де жеке құрам арасында ер жігіттермен бірге иық тіресіп, халықтың тыныштығын сақтауда абыройлы қызмет атқарып келеді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында елдің тыныштығы мен тәртібін күзетіп жүрген бұрымдыларымызды аудандық полиция бөлімінің бастығы Асхат Әлметов мерекелерімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады.
– Әйелдердің біздің өміріміздегі орны ерекше.
Құқық қорғау саласында өздерінің адамгершілік, нәзік және инабаттылық қасиеттерімен ауыр да абыройлы қызметімізге, жанұяларымызға береке мен жылы сезімді толықтырады.
Әрқайсыларының бойларынан табылатын аналық, жылулық пен мейірімділік, сұлулық пен нәзіктік қасиеттері бәрімізге әрқашан күш-жігер мен рухани дем береді.
Сарысу ауданы Полиция бөлімінің жеке құрамының және өз атымнан бүгінгі күні ауданымыздың барша әйелдер қауымын, аяулы аналарымызды және әріптес қыз-келіншектер мен қарындастарымызды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні»мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! – деді.