Қазақтан Республикасының Үкіметі Арнайы мемлекеттік қордан Қызылжарда 280 орындық балабақша салуға 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлу туралы шешім қабылдады.
Былтыр аталмыш өңірде 8 жылда алғаш рет бюджет есебінен балабақша салынды. Ол өткен жылы облыс орталығында ашылған екінші мектепке дейінгі мекеме болатын. Қазан айында демеушілердің қаражатына жаңа «Бірлік» шағынауданында 100 орындық балабақша өз есігін айқара ашты. Нысан белсенді құрылыс жүргізіліп жатқан «Жас Өркен» шағынауданында орналасады. Қазір онда 100%-ға толған үш мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді.
Балабақша салу мектепке дейінгі ұйымдардағы орын тапшылығын азайтуға және білім берудің қолжетімділігін жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні қаланың мектепке дейінгі ұйымдарына орын алуға 3 мыңға жуық бала кезекте тұр, олардың жартысы 2 жастан 6 жасқа дейін.
Жаңа жылдың алғашқы аптасында облыстық перинатальдық орталықта 37 сәби дүниеге келді, оның біреуі – егіз, 13-і – ұл, 22-сі – қыз бала. Өткен жылы облыс бойынша 3747 бала дүние есігін ашты.
Нұрсайын ШӘРІП