Қайырымды кәсіпкер

Қайырымды кәсіпкер

Оралдағы «Адванс-маркет» ЖШС бірнеше жылдан бері арнаулы киімдер тігумен айналысады. Сонымен қатар кәсіпорын иесі Берік Әбілқасов есту-сөйлеу қабілеті нашар тұлғаларды жұмыспен қамтуды әуел бастан алдына мақсат етіп қойған.

Осы уақытқа дейін жалдамалы орында жұмыс жасаған мекеме өздерінің тігін цехтарын жаңа нысанда ашты. Жаңа ғимараттың ашылуына қатысқан Орал қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Ғалиев аталмыш серіктестіктің әлеуметтік жауаптылығын атап өтіп: – «Адванс-маркет» – өте белсенді және шаһардың тыныс-тіршілігіне жауапкершілікпен қарап жүрген бизнес субъектілерінің бірі.  Соның ішінде «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысып, мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс жасауда. Қаламызда ұйымдастырылатын іс-шараларға қоян-қолтық араласып келеді, – деп, тігін цехының алдағы жұмысына сәттілік тіледі.

Қазіргі уақытта арнайы тігін цехында 25 адам жұмыс жасайтын болса, соның 80 пайызы – мүмкіндігі шектеулі жандар. Тігін цехында алдағы уақытта өндіріс қуаттылығын арттырып, қосымша жұмыс орындарын ашу көзделген. Бүгінде цехтың меншікті, кең, жаңа орынжайға көшуі – оның жұмысының өрлеп тұрғанының дәлелі. 

 – Жаңа нысанның аумағы 3000 шаршы метр. Еліміздің әр түкпірінен тапсырыс алып, мектеп формасынан бастап арнайы киімнің сан түрін тігеміз. Тұрақты клиенттеріміз де қалыптасты, – дейді кәсіп иесі Берік Әбілқасов. Жалпы орынжайда үш цех жұмыс жасап тұр, олар – үлгілеу, тігу және өндірістік цехтар. Үлгілеуші, дизайнер, тігіншілердің үздіксіз жұмыс жасауы үшін тапсырыс жеткілікті. Сондай-ақ мұнда сөйлеу және есту қабілетінде ақауы бар жандардың өзгелермен түсінісіп,  тілдесуі үшін арнайы сурдоаудармашы бар. 

Мүмкіндігі шектеулі Жамал Махметова бұл кәсіпорынға үш жыл бұрын жұмысқа орналасқанын айтты. Журналистермен ым-ишара түрінде тілдескен ол мұндай санаттағы адамдарға жұмыс табу қиын екенін жасырмады. Алайда Жамал Махметованың жолы болып, аталмыш тігін цехына жұмысқа орналасқан. «Бұл жер алғаш келгеннен көңіліме жақты. Өзім секілді жандармен араласып,  бір-бірімізге қолдау көрсетеміз. Жаңа орын да бізге ұнады. Барымызды салып, жұмыс жасаудамыз» деді ол. 

Нарықтан өз орнын тапқан аталмыш кәсіпорынға жыл өткен сайын тапсырыс берушілер саны артып келеді. Бұл – кәсіпорынның сапалы еңбегінің және тапсырыс берушілердің сенімінен шыға білуінің жемісі. Цехта күніне шамамен 20-25 арнайы киім тігіледі. Жаңа орынжайға орналасқан цехта жұмыс бұрынғыдан да қарқынды жүреді деп күтілуде. Өндіріс көлемін арттырған кәсіпорын жаңа жұмыс орындарына байқау жариялап отыр. 

 

Ләззат ҚАЖЫМОВА, БҚО, Орал қаласы
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 60
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 54
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 168
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 311
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 532
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 482

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9186
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8584
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11812
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9581
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10794