ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ ҚАЙЫРЫН КӨРЕСІҢ

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖАСАСАҢ ҚАЙЫРЫН КӨРЕСІҢ
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді 15 наурыз - Қайырымдылық күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қайырымдылық күні - Наурыз мейрамы онкүндігінің ішіндегі ең қайырлысы әрі берекелісі.
Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы – жомарттық, кеңпейілділік. Жомарт болу – өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымдылық жасау әр адамның қолынан келетін іс. Адамның жасаған игі істерінің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.
Ауданымызда қайырымдылық істерде өзгелерге үлгі болып жүрген кәсіпорындар, қайырымдылық қорлары және жеке кәсіпкерлеріміз жақсылық жасауда жарысып келеді. Олар қоғамға қозғау салып, мұқтаж жандарға қол ұшын созуды мақсат деп біледі. Айта кетсек, "Қазфосфат" ЖШС-і, "ЕвроХим" ЖШС- і, "Жарас"ЖШС-і, "Сарысу Аманат" қайырымдылық қоры, "Іскер әйелдер" қауымдастығы сынды ұйымдар игі жұмыстарда белсенділік танытып келеді. Сондай - ақ Мұрат Төлепбеков, Ғани Рыспанов, Тоқтасын Блалиев, Фархат Шаймқұлов, Айбаршын Жұмәділова, Раушан Ашимова т.б. жеке кәсіпкерлеріміздің қайырымдылық істері елге үлгі.
Қадірменді сарысулықтар!
Қазақта, "Қайырымдылық жасасаң қайырын көресің" деген даналық сөз бар. Жанға қуат, жүрекке мейірім сыйлайтын қайырымдылық жасауға асығайық. Қасиетті Рамазан айында тұспа-тұс келген мерекеде жақсылық жасау сансыз сауаптарға жеткізеді. Отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін! Мереке құтты болсын!
Ізгі ниетпен, Сәкен Мамытов
Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі
15.03.2025

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 245
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 54

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805