Бақылауды биіктен жүргізудің озық технологияларын жұмылдыру өңірде оң нәтиже беруде. Бүгінгі күні «Бірыңғай дрон инфрақұрылымы» жобасы аясында 21 стационарлық кешен және бір мобильді экипаж қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету үшін іске қосылған.
Күн жылынып қардың тез еруін қадағалап су тасқынына қарсы шаралар ұйымдастыруда зор көмек болып тұрса керек. Қазір 18 елді мекенде дрондар бақылауы өзен мұзның жиналуы мен кептелістерін жедел анықтаумен қатар судың қауіпті деңгейге көтерілуін қадағалап, төтенше жағдайлардың алдын алуға септігін тигізіп жатқаны айтылды. Дрондар экология және абаттандыру саласында таптырмас құралына айналған. Көкшетауда «әуе патрулі» жүйесі қазір тұрақты жұмыс істеп тұр. Күніне екі рет дрондар бекітілген маршруттар бойынша ұшып өтіп, құқық бұзушылықтар мен қатар толып кеткен қоқыс жәшіктерін анықтап, рұқсат етілмеген қоқыс орындары анықтап, қоқыстың жиналуы, жәшіктен асып төгілуін қадағалап, ақпараттарды жедел түрде әкімдіктер мен бірыңғай байланыс орталығына жібереді. Бұл коммуналдық қызметтің осалдығын тұрғындардың шағымынан бұрын анықтап, жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Тасқын болу кезеңі аяқталған соң дрондар аудан орталықтарына жіберіледі. Көкшетаудың абаттандыруда қолданылып жатқан автоматтандырылған бақылаудың озық тәжірибесі бүкіл өңірге таратылатыны мәлім болды.















