«Қамқорлық» орталығы пайдалануға берілді

«Қамқорлық» орталығы пайдалануға берілді

Аудан орталығында алғаш рет мүгедектігі бар адамдарды оңалту орталығы ашылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Қанат Әзмұханов қатысып, мүгедектігі бар азаматтарға көрсетілетін қолдаулар мұнымен тоқтап қалмайтынын айтты.

– Ауданымыздың денсаулық сақтау саласы тағы бір жақсы жаңалықпен толықты. Азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту үшін, заманауи емдеу мекемелерінің саны арта бермек. Бүгінгі пайдалануға беріліп жатқан «Қамқорлық» оңалту орталығы, мемлекет қамқорлығының айқын көрінісі, – деді Қ.Әзмұханов.

Оңалту кешені жаңа заманауи құралдармен жарақталған. Мұнда екі жаттығу залы мен массаж кабинеті және тынығу орны бар. Орталықта реабилитолог, массажист, физиотерапия нұсқаушысы және психолог жұмыс істейді. Бұл жерде мамандар бір мезетте 25 адамды қабылдай алады.

Қазір ауданда реабилитациялық көмекті қажет ететін 92 адам бар. Олар қажетіне қарай осы орталықта кезекпен ем қабылдайды.

Шарада «Самұрық-Қазына траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржыландыруымен және «Миялы мүгедектер» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен орталыққа инватакси берілді. Сонымен қатар, аудан кәсіпкерлері мен жергілікті азаматтар мүгедектігі бар 2 адамға 100 мың теңгелік ақшалай сыйақы және 1 азаматқа электронды қоларба сыйға тартты.

– Бүгін көптен күткен қуанышты күнге жеттік. Себебі осыған дейін оңалту шаралары үшін түрлі елдер мен облыс аралап кететін едік. Тіпті кейбір тағдырластарым бара алмай жүретін. Енді міне өз ауданымызға су жаңа инватакси автокөлігі келіп, жаңа құрал-жабдықтармен қамтылып, ерекше толқынысты сәтке куә болып жатырмыз. Әрқашанда бізді қолдаған, демеген Атымтай жомарт азаматтарға алғысымыз шексіз! – дейді I топ мүгедегі Райымбек Якупов.

Айта кетейік, жаңа ғимарат «Самұрық-Қазына траст» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қаржыландыруымен салынған.

Qazdauiri
21.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 191
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 700
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 823
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 736

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8892
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8287
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11515
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9271
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10499