Қарағанды облысы Жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді

Қарағанды облысы  Жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді

 «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында салынған нысан Шет ауданының Ортау ауылында орналасқан. Бұл бекет 400-ден астам тұрғыны бар үш елді мекеннің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады. Нысанның ашылуына облыстық ТЖД бастығы Марғұлан Аманбаев, Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров және ауыл тұрғындары қатысты.

Өрт сөндіру бекеті қажетті техникамен, байланыс құралдарымен және тәулік бойы кезекшілік атқаруға арналған жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қызметкерлер үшін душ, демалыс бөлмесі мен ас үй қарастырылған. «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жүзеге асырылуда. Бағдарламаның мақсаты – ауылдық жерлерде өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру. Елді мекендерде қажетті техника және құрал-жабдықтармен қамтылған ерікті өрт сөндіру бөлімшелері құрылуда. Бұл төтенше жағдайларға дер кезінде әрекет етуге, олардың салдарын жоюға және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

17.10.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 800

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19711
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19530
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34654
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33228
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37046