Қарағанды облысында 1200 шақырымнан астам жол жөнделеді

Қарағанды облысында 1200 шақырымнан астам жол жөнделеді

Биыл Қарағанды облысында 1200 шақырымнанастам жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарыжөнделеді. Осы мақсатта жұмыстарға үш мың бірлікарнайы техника мен 59 асфальт зауыты тартылды.

Жолдарды жөндеу және салу туралы Қарағандыоблысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Сәбит ОспановӨңірлік коммуникациялар қызметі платформасындаөткен брифингте айтып берді.

Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал автожолдарын қайта жаңарту жұмыстары қарқындыжүргізілуде. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Қазавтожолұлттықкомпаниясының деректеріне сайбиыл бұл жолдардақозғалыс толықтай іске қосыладыҚайта құру 2023 жылы толық аяқталады.

– Қарағанды – Жезқазған бағыты бойынша бүгінгітаңда ұзындығы 513 км жолды реконструкциялауғаЖСҚ әзірленудеАғымдағы жылы осы бағытбойынша Қарқаралы қаласының маңында 10 км орташа жөндеу және Ботақара кенті ауданындажарықтандыру құрылғысы қарастырылған, – депхабарлады Сәбит Оспанов.

Бұдан басқа, "ҚазавтожолҚарағандыфилиалының ақпараты бойынша, 2023 жылға Матақ – Қарқаралы учаскесінде 74 км орташа жөндеужоспарланған.

Облыстық маңызы бар жолдарға келетін болсақоларға да көңіл бөлінедіНоводолинка – Шахан – Молодецкое автожолының 17 шақырымын қайтажаңартуды аяқтау жоспарлануда. Осакаровка – Молодежное бағыты бойынша 16 км жаңа жабынтөселіпжоба 2023 жылы толығымен аяқталады.

Үштөбе – Құрылыс автожолының 9 шақырымында қайта жаңарту жұмыстарыжүргізілудеҚарабас – Жартас – Долинка автожолында ұзындығы 21 км учаске жөнделеді.

– Нұра – Шахтерское – Пржевальское автожолының учаскесін қайта қалыпқа келтіруаясында 20 км жаңа жабын бойымен қозғалысқамтамасыз етіледі, – деді Сәбит Оспанов. – Нұражәне Осакаровка кенттерінің арасындағы қайта құруучаскесінде ауқымды жұмыстар көзделгенЖөндеужұмыстарымен 20 км қамтылды.

Бұқар Жырау ауданы Ғабиден Мұстафинатындағы кентінің жанындағы Нұра өзені арқылыөтетін көпірдің жобасын түзету аяқталу сатысындаҚұрылыс-құрастыру жұмыстарына биыл кіріседі.

Сондай-ақ, "Ауыл – ел бесігіарнайы жобасыаясында Ақтоғай және Шет аудандарының 12 км кентішілік жолдарын жөндеуге қаражат бөліндіСексен шақырым жол "Нұрлы жолмемлекеттікбағдарламасы бойынша жөнделеді.

Облыс орталығында Майқұдық (к. Маркс жәнеМагнитогорская көшелеріжолы мен 7-магистралінің күрделі жөндеуі аяқталады.

Спикер жол жөндеу жұмыстарының сапасынаерекше назар аударылатынын атап өтті.

Сондай-ақоблыста қоғамдық көлікжаңартыладыБиыл Қарағандыда 100 жаңа автобус, Теміртауда – 70, Балқашта – 7 қоғамдық көлік сатыпалу жоспарлануда.

Жомарт Шаймұрат
14.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5539
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5687
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20657
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19291
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22751