Қарағанды облысында "Жайлы мектеп" ұлттықжобасы жүзеге асырыла бастады. Үш жыл ішінде17 мектеп салу жоспарлануда. Бұл апатты және үшауысымды мектептер мәселесін шешуге мүмкіндікбереді. Облыс әкімдігінде Президенттің Қазақстанхалқына Жолдауында берген тапсырмаларынорындау жөніндегі шаралар туралы айтылды.
Білім басқармасының басшысы ГүлсімҚожахметованың айтуынша, 2023 жылы Қарқаралыауданының Талды ауылында 200 орындық мектеппайдалануға берілуі тиіс. 2024 жылы Қарағанды, Шахтинск, Приозерск, Бұқар Жырау және Шетаудандарында он мектеп құрылысы қарастырылған. 2025 жылға арналған жоспарда тағы алты жобаныіске асыру көзделген.
Жаңа балабақшалар да салынады. 2025 жылғадейінгі мектеп жасына дейінгі балалар үшін 9 мыңға жуық орын ашу жоспарлануда.
Техникалық және кәсіптік білім беруде еңбекнарығында сұранысқа ие мамандарды даярлауғабаса назар аударылады. Колледждерде дуальдіоқыту дамытылады, құзыреттер орталықтарынжәне жұмысқа орналасуға жәрдемдесу қызметтеріашылады. Сонымен қатар, көптеген студенттермемлекеттік тапсырыстың арқасында тегін оқуғамүмкіндік алды.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек қолжетімді жәнесапалы білім беруді қамтамасыз ету жөніндетапсырма берді.