Қарағанды облысында егіс науқаны аяқталды

Қарағанды облысында егіс науқаны аяқталды

Қарағанды ​​облысында биыл астық егу, картоп пен көкөніс егу көлемі артты. Көктемгі дала жұмыстары аяқталды.

Егіс науқанының қорытындысы туралы аппараттық жиында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Санаубаров баяндады.

– Облыста көктемгі дала жұмыстары оңтайлы агротехникалық мерзімде аяқталды. Биылғы жылы көктемгі егіс көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 30,2 мың гектарға артып, 1 миллион 84 мың 900 гектарды құрады. Картоп 11,4 мың гектарға, көкөніс 52 гектарға егілді. Бұл да былтырғыдан көп. Мал азығы дақылдары 4,2 мың гектарға артып, 75,9 мың гектарды құрады, – деді басқарма басшысы.

Ол шаруалардың сорт жаңартуға мән беріп, өнімділігі жоғары және элиталық тұқымдарды көбірек пайдаланатынын атап өтті. Сондай-ақ, егістік алқаптарының 40 пайызға жуығын минералды тыңайтқыштармен өңдеу жоспарланған. Агротехнологияларды қолдану егіннің молаюына ықпал етеді.

Басқарма басшысының мәліметінше, қазірдің өзінде өсімдік өсірушілерге тұқым шаруашылығын дамытуға және минералды тыңайтқыштар сатып алуға 1,2 млрд теңге көлемінде субсидия төленген.

Аграрлық несие корпорациясы арқылы облыстың 132 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің егіс жұмыстарына қаржылай қолдау көрсетілген. Азық-түлік корпорациясы астықты форвардттық сатып алу бойынша бес өтінімді қаржыландырды.

Егіс алқаптарын шегірткеден қорғауға бюджеттен қаржы бөлінді, жұмыс маусым айына жоспарланған.

Өңірдегі қажеттілік 2,3 млн тоннаны құрайтын мал шаруашылығына жем-шөп дайындау қажет.

 

                                                                                            

Жомарт Шаймұрат
06.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 40
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 76
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 77
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 187
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 190
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 406
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 368
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 987

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9064
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8461
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11688
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9450
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10668