Биыл Қарағанды облысы әкімінің грантына 200 миллион теңге бөлінді. Барлығы 100 жеңімпазанықталады, олар әрқайсысы 2 миллион теңгеденалады. Байқауға қатысуға өтінімдер мамыр айындақабылданады.
Жастар кәсіпкерлігін дамыту және қолдаумәселелері облыс әкімі Жеңіс Қасымбектіңқатысуымен өткен Жастар ісі жөніндегі кеңестіңотырысында талқыланды.
Өңірде 95 300 шағын және орта бизнессубъектілері жұмыс істейді. Оның 15 560-ы – 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлер. Жастар жобаларыныңең көп саны саудада – 5531, қызмет көрсетусаласында – 3331, ауыл шаруашылығында – 1438, өнеркәсіпте – 921 жүзеге асырылды.
Жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін мемлекеттікбағдарламалар бойынша қаржылық және қаржылықемес қолдау кешені әзірленді. Кәсіпкерлікті дамытужөніндегі ұлттық жоба мен облыстық бағдарламалараясында биыл 800 жастар жобасын, оның ішінде 385-ін жұмыспен қамту басқармасы арқылықаржыландыру жоспарлануда.
– Жас кәсіпкерлер 400 АЕК алады, – дедікәсіпкерлік басқармасының басшысы ТатьянаАблаева. – Жастар саясаты басқармасы арқылыоблыс әкімінің әрқайсысы 2 миллион теңгеден 100 грантын беру жоспарлануда (өткен жылы грантсомасы миллион теңгені құрады). Қалалар менаудандарда әкімдердің гранттарына 140 миллионтеңге бөлінді – бұл шамамен 200 грант.
Сондай-ақ, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруүшін "Бизнестің жол картасы" бағдарламасыбойынша алты мақсатты грантты кәсіпкерлікбасқармасы бөледі. Бір грант сомасы 5 миллионтеңгені құрайды. Байқау осы жылдың үшіншітоқсанында "Электрондық үкімет" веб-порталыныңQoldau.KZ платформасы арқылы электронды түрдежүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Гранттарды бөлу кезінде креативті салаларғаерекше назар аударылатын болады. Оларға дизайнжәне сән, өнер, теледидар, кино және музыка, баспажәне журналистика, сәулет, маркетинг жәнекоммуникациялар, шығармашылық индустриядағыбілім, компьютерлік графика, Big Data кіреді.
Биылғы жылы да жаңа бағыт – моно және шағынқалаларда, сондай-ақ ауылдарда жылдық 5%-бен(айналым қаражатын толықтыруға – 5 миллионтеңгеге дейін, инвестициялық кредиттерге – 20 миллион теңгеге дейін) микро және шағынкәсіпкерлікті қолдау басталады.
Сонымен қатар, жылдық 6%-бен жеңілдетілгеншағын несие беру арқылы үлкен қолдау көрсетілуде. "Бизнестің жол картасы – 2025" бағдарламасыбойынша жас кәсіпкерлердің 50 жобасынсубсидиялау жоспарлануда.
Мысалы, БЖК бойынша Қарағандылық жаскәсіпкер Сергей Бобков 4,9 миллион теңге грант алды. Осы қаражатқа ол механизмдерге арналғанбөлшектер, декор элементтері, макеттер жәнебасқаларын шығаратын 3D модельдерін жасауғаарналған пластик өндіретін жабдық сатып алды.
Жастар бизнесі жаңа жұмыс орындарынұйымдастыруда және жұмыссыздық деңгейінтөмендетуде үлкен рөл атқарады. Тек өткен жылдыңөзінде 1500 жұмыс орны ашылды.
Айта кету керек, "Бизнестің жол картасы" бағдарламасы бойынша гранттар беру ережелерінеөзгерістер енгізілді: енді гранттарды қолдауға иеболған кәсіпкерлер ала алмайды.
Облыс әкімі Жеңіс Қасымбек гранттар алушарттары бойынша ақпараттық-түсіндіружұмыстарын күшейтуді және бюджет қаражатынбөлудің ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырды.
– Ауылдық жерлердегі адамдар грант алумүмкіндігі, байқауларға қатысудың критерийлері мен индикаторлары туралы әрдайым біле бермейді. Олардың нәтижелері: гранттарды кім алды, қандайжобалар қолдау тапқаны жайлы бейхабар. Мұныадамдарға жеткізу керек. Осы бағытта жүргізіліпжатқан жұмысты қайта қарау қажет. Гранттарды тек әлеуетті жобалар ғана алуы тиіс, – деп атап өттіЖеңіс Қасымбек.