Қарағанды облысында ҚР энергетикаминистрлігінің өкілдері болды. Олар өңірдегі электрстанцияларына барып, жылыту маусымынадайындық барысымен танысты.
Жұмыс сапары "Kazakhmys Energy" ЖШС Балқаш ЖЭО-ны аралаудан басталды. Нысанда № 5 қазандық агрегатының құрылысы тексерілді.
"Бүгінгі таңда қазандық агрегатының металлқұрылымдары мен қыздыру беттерін орнатубойынша жұмыстар аяқталды, құбырларды байлаубойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазандық агрегаттыпайдалануға беру электр станциясының жылу қуатынарттыруға және тұтынушыларды жылуменқамтамасыз ету сенімділігін арттыруға мүмкіндікбереді", – делінген министрліктің хабарламасында.
Сонымен қатар, станцияда № 1 түтін құбырынбөлшектеу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 70 % жұмысжүргізілді. Биылғы жылы № 2 түтін құбырындемонтаждау жоспарланған.
Станция басшылығы даму әлеуеті туралыбаяндады. Балқаш ЖЭО-да 2024-25 жылдары № 4 қазандық агрегаты мен қуаты 60 МВт турбоагрегат салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, министрлік делегациясыТопардағы МАЭС-2 және Қарағандыдағы ЖЭО-3-те болды.
Топар ГРЭС-інде № 3 турбинаны ауыстыружұмыстары тексерілді.
"МАЭС-2 дамыту жөніндегі стратегиялықжоспар аясында 2024–2027 жылдар аралығында № 4 және № 7 екі турбинаны ауыстыру жоспарлануда, бұлстанцияның қолданыстағы қуатын 60 МВт-қаарттыруға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
"Караганда Энергоцентр" ЖШС ЖЭО-3-те Министрлік өкілдері негізгі цехтардыңжабдықтарын, сондай-ақ қазандық жәнетурбоагрегаттарды басқару қалқандарын қарапшықты.
Станция басшылығы жаңа № 9 қазандықагрегаты мен № 7 турбоагрегат құрылысыныңжобасын ұсынды. Оларды іске асыру 2027 жылғадейін жоспарланып отыр. Бұл электр қуатын 120 МВт-қа және жылу қуатын 180 Гкал/сағатқаарттыруға мүмкіндік береді.
Әрбір нысанда энергетика министрлігіөкілдерінің қатысуымен жұмыс кеңестері өтті.