Қарағанды облысының өнеркәсіпшілері өз өнімдерін Екатеринбургтегі халықаралық көрмеде ұсынды

Қарағанды облысының өнеркәсіпшілері өз өнімдерін       Екатеринбургтегі халықаралық көрмеде ұсынды

Қарағанды облысының кәсіпкерлері Екатеринбургтегі "Иннопром-2022" халықаралық өнеркәсіптік көрмесіне қатысты. 

Көрмеге қарағандылық тоғыз компания қатысуда: "АрселорМиттал Теміртау", "ТМӨЗ", "Сантехпром", "QazTehna", "PROLUX LED", "Казтехфильтр", "Maker", "Altynarna Geosynthetics" және "Ѕunрарег".

Олардың өнімдерінің ассортименті әртүрлі: металл прокаты, автобустар, жарықдиодты жабдықтар, машина жасау өнімдері, ауа сүзгілері, геомембраналар, қағаз сүлгілер мен майлықтар. Мұның бәрі экспорттық әлеуетке ие.

Сонымен қатар, Теміртау тұрғыны Евгений Бондаренко құрастырған бэтмобиль көрмеге келушілерді таң қалдырады.

Қарағандылық кәсіпорындар өнеркәсіптік кооперацияға қатысуға дайын. Көрме барысында ресейлік компаниялармен ынтымақтастық туралы сегіз меморандумға және келісімге қол қойылды. Мысалы, QazTehna зауыты ірі фирмалардың бірі – "Луидормен", сондай-ақ бірқатар ресейлік өндірушілермен ынтымақтасуға ниетті. "Maker" ЖШС мұнай машина жасау саласындағы серіктестік туралы келісімге келді. Ынтымақтастық туралы меморандумдарға "ТМӨЗ" АҚ мен Орта Орал мыс балқыту зауыты, "Казфильтр" ЖШС және "Норильск никель" ТКМК арасында қол қойылды.

"Иннопром" – бұл Ресейде өткізілетін индустрияландыру саласындағы ең ірі көрмелердің бірі. Биыл көрменің тақырыбы "Өнеркәсіптік өткел: сын-қатерлерден жаңа мүмкіндіктерге". Биыл Қазақстан іс-шараның серіктес елі болды. Көрменің ашылуына Қазақстан Республикасының премьер-министрі Әлихан Смайылов және Ресей Федерациясы үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин қатысты.

Қазақстандық экспозицияның ауданы 1600 шаршы метрді құрады, онда өнеркәсіптің барлық салаларын қамтитын 200-ге жуық отандық компания орналасқан.

"Иннопром-2022" 4–7 шілде аралығында "Екатеринбург-Экспо" көрме орталығында өтеді. Оған 30 елден 500-ге жуық компания қатысады.

 

                                                                                  

Жомарт Шаймұрат
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 979

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660