ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА «ADAL CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ.

ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНДА «ADAL CUP» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІ ӨТТІ.

Қарағанды облысы әкімдігі және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен бірлесіп «ADAL CUP» республикалық дебат турнирін ұйымдастырды.

Іс-шараның басты мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, жаңа идеялармен бөлісу, жастардың пікірталас құқықтық сауаттылықтарын арттыру, осы арқылы олардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптасуына және студенттік жастар арасында көшбасшылық қасиеттер мен патриоттық сезімді дамыту болып табылады.

Аталған іс-шара Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде өтуде.

 Дебаттың салтанатты ашылу рәсімінде Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысы Перов Сергей Николаевич, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университеті ректорының м.а. Сармурзин Ербол Жаңбырбайұлы арнайы құттықтау сөз сөйлеп, пікірсайысшыларға сәттілік тіледі.

          Республикалық дебат сайысына Астана, Алматы, Шымкент, Ақмола,  Ұлытау, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Абай, Қарағанды өңірлерінен командалар қатысты.

          ДЕБАТ ойынының жалпы жүлде қоры 1 500 000 мың теңгені құрайды.

Қызықтыда, тартысты өткен сайыстың салтанатты қорытынды кеші қаламыздың «Достық» үйінде өтті.

 Әділқазылардың шешімімен қазақ лигасында

1 орын «Тараз» командасы Сланбек Елемес, Жақсылық Бекхан;  2 орын «Қарағанды» командасы Маратов Ілияс, Қадыл Мадияр; 3 орын Абай облысынан «Тұмар» командасы Серікбосынов Нұргелді, Рымқұлов Асылжан танылса.

 Дебаттың орыс лигасында:

1 орын Астана қаласы Күздеубаев Нұртас, Мұхитжан Ролан;

2 орын Астана қаласы «Nomad Da» Заманбекова Алтынай, Баймагамбетов Данияр;

3 орын Астаналық «Мияулаған мысық» командасы Балғабаева Мерей, Айбасова Айгерім иеленді.

 І-орын Алығс хат және 300 мың теңге сыйақы иеленсе, ІІ-орын 200 мың теңге, ІІІ-орын 100 мың теңге сыйақы иеленді.

 Сонымен қатар «Үздік спикер» атағын Айбасова Айгерім, Серікбосынов Нүргелді лайық деп танылып, Алғыс хат және 100 мың теңге қаржылай сыйақымен марапатталды.

 Салтанатты іс-шарада қаламыздың Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің «АРАЙ» тобы патриоттық әндер айтып, кеш қонағы, хедлайнер, стендап шебері РУСЛАН ТАЙ жиналғандарға жақсы көңіл-күй сыйлады.

 Осындай игілікті шараларды мақсатты түрде өткізу арқылы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын енгізу шаралары әліде жалғасатын табатын болады.

 Республикадан арнайы келген пікірсайысшы командаларға алғысымызды білдіреміз.

 

#ӨЗІҢНЕН_БАСТА!

#ADAL_CUP! 

14.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6600
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6032
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9237
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7022
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8233