"Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдауорталығы "Қоғамдық келісім" КММ-мен бірлесіп, тақиялар мен тойбастар тігу бойынша екі күндіктегін курстарды ұйымдастырды. Шеберлік сабағын"Ісмер" ұлттық қолөнершілер клубыныңмамандары өткізеді. Оқудан 20 көп балалы анаөтеді.
– Курстың бірінші күні 10 әйел тақия тігудіүйренсе, екінші күні тағы 10 ана тойбастар жасауөнерін меңгереді. Курстардың арқасында олар жаңадағдыларға ие болады, мүмкін бұл бизнес ашуғажәне отбасының табысын арттыруға көмектесер. Қатысушыларға сертификаттар беріледі, – деді"Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдауорталығының өкілі Айша Сүлейменова.
Шынар Нұрмағамбетова төрт бала тәрбиелепотыр, олардың үлкені – ерекше бала. Курстартуралы біліп, ол тақия тігуді үйренді.
– Менің төрт балам бар, үлкені 14 жаста, ал кішісі 6 жаста. Тақияларды тігу бойынша шеберліксабағы болатынын білгенде, бірден жазылдым. Мен тігін тігіп, үйде отырып ақша табуды үйренудішештім. Бұл курстарға менімен қызым да келді, оның қызығушылығы бар, тігуді ұнатады, – дейдіШынар Нұрмағамбетова.
"Шаңырақ" көп балалы отбасыларды қолдауорталығында атап өткендей, бір жарым жыл ішіндеалты түрлі шеберлік сабағы өткізілді, онда 70-ке жуық әйел оқытылды.
Тамыз айында "Шаңырақта" шаштараз өнері, визаж, аспаздық, тоқу және т. б. курстар өтеді.