Қарағандыда "Батыл бол" тегін қазақ тілі клубы ашылды. Қатысушылардың алғашқы отырысыбүгін өтеді.
Клубтың негізін қалаушы алматылық Алексей Сколозубов. Бірнеше ай бұрын ол еріктілер тобынжинап, Алматыда жұмысын бастаған. Оқыту тегінжүргізіледі.
– Алексей маған клуб ашу идеясы туралыайтты, мен оны қолдадым. Ағылшын тілі мұғаліміжәне қазақ тілінде сөйлейтін адам ретінде мен клубта сабақ өткізе алдым. Алматыда қазақ тілінүйренгісі келетіндер аз емес, – дейді АқжарқынӨмірбекова. – Кейін біз Таразда клубтардыңжұмысын бастадық, қазір Қостанайда процесс жүріп жатыр және бүгін Қарағандыда кездесеміз.
Клубтың негізін қалаушылар шағын топтардааптасына бірнеше рет кездесулер өткізудіжоспарлап отыр. Оқыту ойын түрінде жәнедиалогтар мен әңгімелер арқылы өтеді.
– Біз барлығын қазақ тілін үйренугешақырамыз, грамматиканы емес, ауызекі тілдіоқытуды ұсынамыз, – дейді Ақжарқын. – Бізмемлекеттік тілді әндер, ойындар арқылыүйренеміз. Мысалы, жастар арасында танымал"Мафия" ойынын аудардық. Сондай-ақ, тілді жетікбілетін еріктілерді ынтымақтастыққа шақырамыз.
Клубтың негізін қалаушылар мен жаттықтырушылар тегін жұмыс істейді. Негізгімақсат – тіл үйренуге деген қызығушылықты оятужәне мүмкіндігінше көп адамды қамту. Клубқа 13 жастан асқан барлық тілек білдірушілер қатысаалады.
"Батыл бол" клубының атауы да кездейсоқтаңдалмаған. Клубтың негізін қалаушыларқатысушылардың қазақ тілінде сөйлеуденқорықпауын және өздерінің барлық кедергілерінжеңгенін қалайды.
Клубқа келесі форманы толтыру арқылыжазылуғаболады: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSchQoSe_a9u6wWLGmPdWjNVbz4hJ--pqqmbqC70vqk41TZSJw/viewform. Клуб туралықосымшаақпаратты @batylbol_karaganda парақшасынаноқып, танысуға болады.