Қарағандыда Құрбан айтқа құрбандыққа мал шалу орындары анықталды

Қарағандыда Құрбан айтқа құрбандыққа  мал шалу орындары анықталды

 

Биыл Құрбан айт мерекесі 9 шілдеде басталып, үш күнге созылады.

Қарағандыда құрбандыққа мал шалуға болатын үш пункт анықталды. Арнайы мал сою пункттері Резник, 18 ("Абишева А. О." ЖК), Гоголь, 2/23 ("АРАЙ KZ" ЖШС) және С. Сейфуллин, 53 ("Хасенов" ШҚ) мекенжайларында жабдықталған. Олар ветеринарлық қызметтің ветеринариялық-санитариялық қорытындысын алған.

Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы және тамақтан уланудың, токсикоинфекциялардың, жіті ішек инфекцияларының пайда болуына жол бермеу үшін Құрбан айт мерекесі кезінде облыстың бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы шығарылды. Өңірде құрбандық шалу пункттерінде санитарлық нормалардың, ет тасымалдау және сақтау жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық қағидалар талаптарының сақталуына бақылау күшейтілетін болады.

Еттің сапасын, қауіпсіздігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ тамақ өнімдерімен байланысы бар, медициналық тексеруден өткен және жұмысқа рұқсаты бар қызметкерлердің, қызмет көрсетуші персоналдың және басқа да адамдардың жеке медициналық кітапшаларының болуы тексеріледі.

Қаулы осы жылдың 8 шілдесінен бастап күшіне енеді.

 

                                                                                                                                        

Жомарт Шаймұрат
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 135
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 143
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 422
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 819

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18327
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18190
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33377
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31928
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35684