«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдауорталығы балаларды қорғау күніне орай демеушілердіңкөмегімен екі отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етіп, мүмкіндігі шектеулі 80 балаға мереке ұйымдастырды.
– Біздің орталық ерекше балаларды мерекегешақырды. Онда аниматорлар шоу-бағдарламамен өнеркөрсетті, аквагрим шеберлері болды. Біздің тұрақтыдемеушілеріміз тәттілер, балмұздақ, шарлар менойыншықтар ұсынды. Сондай-ақ, біздің орталыққатұрғын үй беру мәселесі бойынша да адамдар жүгінеді. Барлығы 32 өтінім келіп түсті. Мерекеде екі көп балалыотбасыға пәтер кілттері табысталды, – деді «Шаңырақ» орталығының кеңесшісі Айша Сүлейменова.
35 жастағы Жәмилә Саботқа демеушілер Абайдан 2 бөлмелі пәтер сатып алды.
– Мен өзім балалар үйінде тәрбиелендім. Әкесізөскенмін. Анам ерте қайтыс болды. Осылайша жетімдерүйіне түстім. Мен төрт баламен жалғыз тұрамын. Ешкімкөмектеспейді. Үлкен қызым жақында 18 жасқа толады. Ең кішкентайым бірде. Кенже қызымда қант диабетібар, ол инсулинге тәуелді. Мен ұзақ уақыт бойы тұрғынүйді жалға алып келдім. Балаларыммен бірге қаладанқалаға көшіп жүрдім. «Шаңырақ» орталығына өтінішберуге бел будым. Бір айдан кейін маған тұрғын үймәселесін шешуге көмектесті – олар Абайда екі бөлмеліпәтер берді. Балалар да, мен де өте бақыттымыз. Демеушілер мен «Шаңырақ» орталығына рахмет! – дейді Жәмила Сабот.
Сакиповтар отбасына үш бөлмелі пәтерді Asar-umeқоры ұсынды.
«Біздің қор Қазақстанда 3 жылдан бері жұмыс істепкеледі. Осы уақыт ішінде бүкіл ел бойынша 400-ге жуық отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. Қарағанды облысында – сегіз отбасы. Балаларды қорғаукүніне орай үш бөлмелі пәтердің кілтін біз «Шаңырақ» орталығының қамқорлығындағы отбасына табыстадық. Көп балалы отбасы осыған дейін баспана жалдапкелген. Біз олар үшін Пришахтинскіден пәтер сатыпалдық. Олардың бес баласы бар және жуырдаалтыншысы дүниеге келеді», – деді Asar-ume қоры.
«Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдауорталығында қайырымдылық акциялары мен іс-шаралары мұнымен бітпейтінін атап өтті. Тұрғын үйсатып алуға көмек жалғасады, сондай-ақ азық-түлікжиынтықтары таратылады, Денсаулық сақтау, білімберу, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлік, әлеуметтіккөмек көрсету және тұрғын үй бағдарламаларын іскеасыру мәселелері бойынша тегін заң, психологиялықконсультациялар өткізіледі.