Қарағандыдағы "Үміт" оңалту орталығында 800-ден астам бала қалпына келтіру емінен өтті

Қарағандыдағы "Үміт" оңалту орталығында 800-ден астам бала қалпына келтіру емінен өтті

Қарағандының "Үміт" оңалту орталығында жыл басынан бері неврологиялық және ортопедиялық аурулары бар 800-ден астам бала қалпына келтіру емінен өтті. Оларға медициналық сақтандыру есебінен көмек көрсетілді.

Медициналық орталық неврологиялық және ортопедиялық аурулары бар балаларға көмектеседі, сонымен қатар операциялар мен жарақаттардан кейін оңалту қызметтерін ұсынады. Жыл басынан бері "Үміт"-ке 809 жас пациент келіп түсті, оның 600-ден астамы неврологиялық аурулары бар – балалар сал ауруы, церебрастения, энурез, сөйлеу дамуының кідірісі және т. б. 

Орталық пациенттерінің шамамен 17%-ында "БСА" диагнозы бар. Әр бала үшін реабилитологтар 21-30 күнге қалпына келтіру емінің жеке бағдарламасын жасайды. Диагнозға, аурудың ауырлығына байланысты курсқа массаж, физиотерапия, парафин терапиясы, Адель оңалту костюмдеріндегі сабақтар және ботулотоксин инъекциясы кіруі мүмкін.

– БСА бар балаларды емдеуде ботулотоксин инъекциясы бұлшықет спазмын жеңілдету үшін қолданылады. Бұл емнің нәтижесі шамамен 6 айға созылады. Осы уақыт ішінде бұлшық еттер күшейтіледі, ал тырысып қалған бұлшықеттер, керісінше, созылады және бұл ішінара түзетіледі. 6 айдан кейін, спастика қайтып келгенде, ол бұрыңғыдай болмайды, өйткені бұлшықеттер күшейеді. Мұндай ем БСА-мен ауыратын барлық балаларға тағайындалмайды, өз көрсетілімдері бар бар, – дейді "Үміт" оңалту орталығы бас дәрігерінің орынбасары Гүлнар Галиева.

Облыстың түрлі қалаларынан келген тағы 200 бала орталықта жарақаттар мен операциялардан кейін қалпына келтіру емінен өтті.

Қарағанды облысында кәмелетке толмағандар 23 стационарда тегін оңалтудан өте алады. Өңір балаларына амбулаториялық оңалту қызметтерін 15 емханада көрсетеді.

Жалпы, ересектер мен балаларды стационарлық және амбулаториялық жағдайда оңалтуға осы жылға 5,5 млрд теңге қарастырылған.

 

                                                                                         

Жомарт Шаймұрат
12.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 68
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 177
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 181
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 398
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 361
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 979

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9056
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8452
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11680
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9443
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10660