Көктем келді! Табиғаттың оянуы қардың еруімен, құстардың жылы жақтан ұшып келуімен және бәйшешектердің алғашқы гүлдеуімен жалғасады.
Осы кезде қыстың аяқталғанын білдіргендей қардың астынан қыс бойы жиналған қоқыс пен кір шығады. Сондықтан да, көктем айын күн шуағында санитарлық тазарту жұмыстарына шығуға шақырамын.
Қала тазалығына мекемелер ғана емес, қала тұрғындарының барлығы да жауапты.
Бүгінде құлпырып келе жатқан Қарт Қаратаудың одан да бетер гүлденіп, көркеюі үшін қолынан келген көмегін аянбайтын азаматтар қатары артып келе жатқаны қуантады.