“Ауыл-Ел бесігі” бағдарламасы аясында Бостандық, Аққұм, Шәкіров және Талапты ауылдарында 23,6 шақырымдық 25 көшені орта жөндеу жұмыстары басталды.
Қаратау қаласына оңтүстіктен кіре беріс 4,1 шақырым аудандық маңызы бар жолды орта жөндеуге мердігермен келісім шарт жасалуда.
Ұзындығы 15,8 шақырымды құрайтын Қаратау қаласындағы 6 көшені және Майтөбе, Қожағаппар, Тұрымқұл, Тамды, Қызыләуіт, Көктал ауылдарында әр елді мекеннен бір көшені орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде.