Қарқабат-Дінасыл Ана Болатқожа-Қаракесектің ұранына айналды

Қарқабат-Дінасыл Ана Болатқожа-Қаракесектің ұранына айналды

Менің қолымда Қалкен Макенбаевтың 2014 жылы жарық көрген «Жадымда бәрі жазулы» кітабы. Осы кітапта көрсетілген фактілер, ойдан емес, нақты дереккөздерге сілтеме жасалып жазылған кітап. Орта жүздегі Арғын руынан шыққан Болатқожаның анасы Дінасылдың ата тегін толық көрсетіп басқа да, осы анамызға байланысты басқа да оқиғаларды суреттеген. Кітабтың авторы Қ.Макенбаев былай дейді:
«… сөзді Кіші жүз жаққа, ұлы нағашымыз Алшын тайпасына қарай бұрайық. Бұл тайпа туралы молырақ шежірелік деректі Серғали Толыбековтың «Қазақ шежіресінен» (Алматы, «Қазақстан», 1992 ж) және Алшын Теңізбай Үсенбаевтың үш томдық «Қазақ шешіресінен» (Алматы, 2005-2006 ж.ж. әр жүзге әр том арналған) табуға болады. С.Е.Толыбеков-белгілі ғалым, Қазақстан Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Абай атындағы КазПИ- дің ректоры болып істеген. Зейнетке шыққан соң шежіре жазуға, ғылыми сипат беруге тырысқан қазақтың, оның ішінде Алшынның біртуар зиялы тұлғасы» – деген (29-30 беттер). Әрі қарай былай дейді:
«С.Е.Толыбеков Тінәлі Толымбековтың қолжазбасынан алдым деп, Қаз дауысты Қазыбектің Тәуке хан басқарған Хан кеңесінде сөйлеген сөзі деп келтіреді». Сонда Қазыбек би былай депті:
«Уа, ағайын, туыс халайық! Өткенге көз салайық!
Атаның жолы дағды бар,
Содан ғибрат алайық … – деп толғай келіп, Кіші жүздің руларын бір-біріне табыстыра отырып, төкпе сөзін төгілтіп жалғай береді:
Рамадан мен Төлеуің Кіші жүздің үлкені,
Арғы тегі белгілі Арғымақтан тараған.
Керделі, Табын, Таманы қорғап келді Кіші жүз,
Алшыннан бөліп оларды, жауып жүрген жаладан.
Жағалбайлы, Керейдің Құдуармен туысқан,
Қиыншылық заманда олар да күнге жараған.
Құдиярдан қос қожа өсіп-өніп көбейген» – депті.

«Қаз дауысты Қазбек бидің «Құдуардан қос қожа дегені» Қыдырқожа мен Қадырқожаны айтқаны, бұл екеуі Құдуардың немересі Алшынның ұлдары. Арғын ішіндегі Қаракесек атанған Болатқожа бабамыздың ұранға айналған Қарқабат анамыздың «төркіні» (30-32-ші бетірде).

Автор Қ.Макенбаев кітабтың 61-62 беттерінде былай дейді: «Алшыннан- Құдияр, одан – Қайырбай (Кіші жүздің Қаракесегі). Қайырбайдан Байсары, Әлім, Шөмен туады. Байсарыдан-Бозаншар туады, Әлімнен-Тойқожаны (Тайқожа деп те жазылады), Шөменнен-Түменқожаны(Төменқожа деп те жазылады) туған. Байсарының ұрпақтарын Қаракете, Әлімнің ұрпақтарын Ақкете, Шөменнің ұрпақтарын «Кете Шөмекей» деп атайды.
Түменқожадан Қара, Сары туған. Сарыдан Асан, Жанбақты, Құдыс (Құлыс деп те жазылады) тарайды. Құдыс – бай болған. Құдыстан жалғыз қыз Нұрфая және төрт ағасы Әлмембет, Сармамбет, Әйтек, Әйтпембет туады.
Тойқожа Ақкетеден Аққошқар, Байқошқар, Шалқошқар тарайды. Аққошқардан-Айдар, Әлімбет. Айдардан- Болпыш би…

Әлімбеттің бәйбішесі Құланбике – Қарақыпшақ Қобыландының туған қарындасы. Осы Құланбике анадан Ебескі батыр туады. Ағасы Арал батырдың тәрбиесінде болады. Ебескіден-Құттығай, Алтай, Жұлдыз батырлар туады. Алтай батырдың бәйбішесінен бес ұл: Төкен, Барлыбай, Нұрлыбай, Қосай, Есей (шежіреде осы аталған адамдардың аттары бар), ал тоқалынан-Қарқабат қыз туады. Қарқабаттың анасы Рамадан-Қарқабат тармағынан. Қарқабаттың шын есімі «Дінасыл екен» деп Дінасыл (Қарқабат) анамыздың ата тегін шежіре арқылы таратып берді.

Ал енді осы жоғарыдағы айтылғанды толық дәлелдеу үшін, шежіреге терең үңіліп көрдім. Кіші жүздың құрамында: Әлімұлы (кей шежіреде Қайырбай-Қаракесек деп те көрсетеді), Байұлы және Жетіру. Жетырудан-Табын, Кербері, Керейіт, Телеу, Рамадан, Жағалбайлы тарайды. Рамаданнан-Балғалы, Шөмішті тарайды. Балғалыдан-Алатай, Мұсақ, Байқұтан тарайды. Байқұтаннан-Қарқаба жалғыз туады. Қарқабадан-Құлтай, Төлес, Қуан, Көшей, Сары тарайды (кіші жүздің шежіресінен алынды).

Осыны тұжырымдай келе мынандай ой түйемін: Рамадан, Қарқаба-Дінасыл анамыздың анасының шыққан тегі-нағашы жұрты. Демек «Рамадан», «Қарқаба» немесе «Қарқабат» – олар ер адамдардың аттары.

Құрбысы Нұрфая суға кеткенде Қарқабат құгқарады. Сондағы кісілер Нұрфаяны құтқарушы қыздан кімсің деп сұрағанда, «Қарқабатпын» – деп жауап беріпті. Автор әрі жалғастырып, 63-бетте былай дейді: «Сөйтсе, анасы үнемі елін сағынғанда «Қарқабатым ғой» деп еркелетеді екен. Сол арада барлық жастар «Қарқабат, Қарқабат көп жаса» деп шулап айқай салады». Осы жерден тоқтап, тарихқа ой жүгіртейік. Ақжол би 1455 жылы (Ұлытаудың сыртында) дүниеден өткен (65 бет). «Мейрамсопы мен Дінасыл анамыз жазғы жайлауда Тобол-Обаған өзендерінің жағасында шаңырақ көтеріпті. Асан Қайғы баба бата беріпті. Нұрфая мен Дінасыл жас күнінен бірге өскен айырылмас дос еді» (65- бетте). «1456 жылы Қазақ хандығы құрылып ел Шу өзені мен Талас-Қозыбас бойына көшіп барып, орналасты» (66 бет). Жәнібек осы Ұлытауда хан сайланып, 1471/73-1480 жылдары билік құрған. Қос көлдің басында той жасаған, аламан бәйгіні Терісаққаннан айдаған. Болатқожаның торы төбелі бәйгіден келгенде шабарман бала «Ақжолдап», «Қарқабат-Қаракесек» – деп ұран салды (76-бет). Ол атты Қуандық би, Сүйіндік, Болатқожа, Қарқабат Қасым сүлтанға сыйға тартқан.

Автор: «Талапкер шежіреші Жұмағұл Шөженов өзінің «Ақжолтай Ағыбай батыр» – деп мына оқиғаны келтіреді: « Кенесары хан бір ас бергенде Ағыбай батырдың «Сұмсекей» атты аты бәйгіден бірінші келгенде, шабандоз бала Шопат «Қарқабат-Қарқабат» деп ұран салыпты (83-бет). Кенесары хан 1841-1847 жылдары аралығында хандық құрған, осы оқиға Кенесары ханның уақытында болған. Демек, Дінасыл анамыздың жанама «Қарқабат» атын төрт ғасырдай уақыт өтседе халық ұмытпай, осындай ірі оқиғаларда Анамыздың жанама атын ұрандаған.

Дінасыл анамыздың жанама «Қарқабат» аты Болатқожа руының ұранына айналды. Құзырлы орган 2020 жылы 30 қарашада Қарқабат Анаға монумент орнатуға рұқсат берді. Осыған дайындық жүріп жатыр. Қ.Макенбаевтың Кіші жүздің Алшын руынан шыққан шежіреші Т.Үсенбаевтың Үш жүздің үш томдық жинағынан басқа дереккөздеріне сүйене отырып жазған «Жадымда бәрі жазулы» кітабындағы Қарқабат-Дінасыл анамыздың түп тегі нақты көрсетілген. Осыны шындық, ақиқат деп санауға болады. Себебі, шежіре ел аузынан жиналғанымен, електен өткізбейіншіе, олармен бекітілмей ата-тектері тегіннен-тегін шежіреге қосылмайды. Және де шежіреге қыз балаларды, аналарды қоспайды. Олар туралы мәліметтер ауыз- әдеби әңгімелерде болады. Оларды дәлел ретінде алу үшін сондағы кейіпкерлер мен уақыттарын салыстыра отырып, сол кезеңдегі өзекті оқиғалар арқылы анықтауға да болады. Негізі, Дінасыл анамыздың нағашысының руы Рамадан, оның ішінде Қарқаба тармағы екені ақиқат. Ақиқат дәлелдің бірі – Дінасыл анамыздың жанама Қарқабат аты Болатқожа-Қаракесек руына ұран болғаныда айқын дәлел.

Тарихқа қиянат жасамай шындықты айтқан дұрыс болады. Шындықты айтпаса – тарих түзелмейді. Халық, болашақ ұрпақтар біздің сыншымыз. Тұғырымыз биік болсын.

Жезқазған қаласы
15.07.2021

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 41
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 17
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 53
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 155
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 159
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 362
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 342
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 959

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9036
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8432
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11660
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9415
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10641